2012 жылға арналған тіркелген салықтың бірыңғай ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2011 жылғы 20 желтоқсандағы N 198/38 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 12 қаңтарда N 12-4-111 тіркелді. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2013 жылғы 03 шілдедегі N 81 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 03.07.2013 N 81 хаты).

      Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 422-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. 2012 жылға арналған тіркелген салықтың бірыңғай ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсін.
      3. Осы шешім 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            А. Тарама

      Мәслихат хатшысы                           Т. Мұқанов

Ақтоғай аудандық мәслихаттың     
(IV шақырылым, кезекті ХХХVІІІ сессиясы)
2011 жылғы 20 желтоқсандағы      
N 198/38 шешіміне         
қосымша             

Рет N Салық салу объектісінің атауы Тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)
1 2 3

1

Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

2

Бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

3

Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер

2

4

Ойын жолы

6

5

Карт

3

6

Бильярд үстелі

4

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады