Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар мен кәмелетке толмаған интернат ұйымдарының түлектері үшін жұмыс орындарын квоталау туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 23 маусымдағы N 153/4 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 20 шілдеде N 12-9-133 тіркелді. Күші жойылды - қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімі аппарат басшысының 2014 жылғы 09 қазандағы N 31/1-36/399 хатымен)

      Ескерту. Күші жойылды - қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімі аппарат басшысының 09.10.2014 N 31/1-36/399 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағы 13)14) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5–5) және 5–6) тармақшаларына сәйкес, жұмысқа орналастыруға мұқтаж бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және кәмелетке толмаған интернат ұйымдарының түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу және қабылдау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар мен  кәмелетке толмаған интернат ұйымдарының түлектері үшін жоспарланған жұмыс орындарынан 1 пайыз мөлшерінде аудан кәсіпорындары мен ұйымдарында жұмыс орындарын квоталау бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін күшінде.
      3. Аталған қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің  орынбасары Н.Ө. Сағандықовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А. Құрманова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады