Алматы қаласында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 13 сәуірдегі N 2/225 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2011 жылғы 05 мамырда N 888 тіркелді.Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 2 тамыздағы № 3/354 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 02.08.2016 № 3/354 қаулысымен
      Ескерту. Тақырыпқа өзгерістер енгізілді - Алматы қаласы әкімдігінің 31.05.2013 N 2/463 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар мен интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмаған тұлғаларды жұмыспен қамту мақсатында Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алматы қаласындағы ұйымдарда, меншік түріне қарамастан, жұмыс орындарының жалпы санының екі пайызы мөлшерінде жұмыс орындары квотасы белгіленсін:
      1) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға;
      2) интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарға белгіленсін.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді - Алматы қаласы әкімдігінің 31.05.2013 N 2/463 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары М. Мұқашевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның ресми түрде бірінші жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Алматы қаласының әкімі А. Есімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады