Алматы қаласы тұрғындарының қала шегiнен тысқары жерлерде емделуі үшiн бюджет қаражаты есебiнен тегiн және жеңiлдiкпен жол жүрудi ұсыну туралы

Күшін жойған

IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХХХХ сессиясының 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 494 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2012 жылғы 13 қаңтарда N 919 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 156 шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 12.09.2022 № 156 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.

      Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 9 бабы 1 тармағының 4) тармақшасына сәйкес ІV сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте емделуге жолданған Алматы қаласы тұрғындарына Қазақстан Республикасы бойынша Алматы қаласы шегiнен тысқары жерлерде емделуі үшiн бюджет қаражаты есебiнен тегiн және жеңiлдiкпен жол жүру ұсынылсын.

      2. Науқастың және онымен бiрге жүретiн тұлғаның Қазақстан Республикасы бойынша Алматы қаласының шегiнен тысқары жерлерде емделуге жол жүру ақысының төлемі темір жол және әуе көлiгiнде – темір жол көлiгiнің купелік вагон билетінің құнынан аспайтын мөлшерде, қала аралық автомобиль көлiгiнде – жол жүру құны мөлшерінде жергілікті бюджет қаражатынан жүргізілсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының экология, денсаулық сақтау мен төтенше жағдайлар мәселелері жөніндегі тұрақты депутаттық комиссиясы төрағасының орынбасары С. Қалақовқа және Алматы қаласы әкімінің орынбасары С. Сейдумановқа жүктелсін.

      4. Алматы қаласының мәслихаты (Т.Т.Мұқашев) нормативтік құқықтық актіні Алматы қаласы Әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізсін.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      IV сайланған Алматы қаласы
мәслихаты XXXXХ сессиясының
төрағасы IV сайланған
Д. Петрухин
      Алматы қаласы мәслихатының
хатшысы
Т. Мұқашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады