Аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 10 маусымдағы "2011 жылға Айыртау ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме ақы және үй алу үшін әлеуметтік қолдау ұсыну туралы" N 4-35-2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2011 жылғы 18 тамыздағы N 4-37-1 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 6 қыркүйекте N 13-3-140 тіркелді. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы мәслихатының 2012 жылғы 28 маусымдағы N 68 хаты)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы мәслихатының 2012.06.28 N 68 хаты)

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66-III «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7-бабының 3-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі № 753 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Айыртау аудандық мәслихатының 2011 жылғы 10 маусымдағы «2011 жылға Айыртау ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме ақы және үй алу үшін әлеуметтік қолдау ұсыну туралы» № 4-35-2 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2011 жылдың 20 маусымында № 13-3-137 тіркелген, 2011 жылғы 30 маусымда «Айыртау таңы» газетінде, 2011 жылғы 30 маусымда «Айыртауские зори» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1 тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) өтініш түскен кезеңнен тұрғын үй сатып алу үшін мамандардың өтінген сомасында бюджеттік кредит сомасы бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.».
      2.Осы шешім бірінші ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың ХХХVІІ                Аудандық мәслихаттың
      сессиясының төрағасы                       хатшысы
      Е. Қалиев                                  Қ. Хамзин

      КЕЛІСІЛДІ: 18 тамыз 2011 жыл

      «Айыртау ауданының ауыл шаруашылық
      және ветеринария бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Қ. Сейтмағамбет

      «Айыртау ауданының экономика
      және қаржы бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        М. Рамазанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады