Қызылжар ауданы Қызылжар ауылдық округі Карлуга ауылының шекараларын өзгерту туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2011 жылғы 18 қарашадағы N 41/1 шешімі және Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 18 қарашадағы N 518 бірлескен қаулылары. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 21 желтоқсанда N 13-8-157 тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбында және барлық мәтін бойынша "біріккен", "селосының", "селосына", сөздері "бірлескен", "ауылының", "ауылына", сөздерімен ауыстырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 26.11.2018 № 451 және Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 26.11.2018 № 34/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бірлескен қаулысы мен шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы 6, 31-баптарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы 12-бабының 3-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ, аудан мәслихаты ШЕШІМ қабылдайды:

      1. Қызылжар ауданы Қызылжар ауылдық округі Карлуга ауылының шекаралары Карлуга ауылына жақын орналасқан босалқы жерлерден Карлуга ауылына 135 га жер телімін қосып, 135 га өзгертілсін.

      2. Осы бірлескен қаулы және шешім ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі В. Редин
      Мәслихат сессиясының
төрайымы
Н. Құрманкина
      Мәслихат хатшысы А. Молдахметова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады