Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мемлекеттік мекемелерінің мамандарына отын алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2011 жылғы 22 желтоқсандағы N 43/4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 9 қаңтарда N 13-8-159 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2013 жылғы 17 мамырдағы N 14/6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 17.05.2013 N 14/6 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 56-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 21 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасы, «Агроөнеркәсіптік кешен және ауылдық аумақты дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66-ІІІ Заңының 18-бабы 5-тармағына сәйкес, Қызылжар аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Бір адамға жылыту маусымына қосымшаға сәйкес екі айлық есептік көрсеткіш көлемінде бюджеттік қаражат есебінде ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мемлекеттік мекемелерінің мамандарына отын алу үшін әлеуметтік көмек берілсін.
      2. «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мемлекеттік мекемелерінің мамандарына отын алу үшін әлеуметтік көмек көрсету» 451 – 004 бюджеттік бағдарламасы бойынша әлеуметтік жәрдемақыны қаржыландыру жүргізілсін.
      3. Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 20 наурыздағы № 7/13 «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мемлекеттік мекемелерінің мамандарына отын алу үшін әлеуметтік көмек төлеу туралы» шешімінің (2008 жылғы 28 сәуірдегі № 13-8-74 мемлекеттік тіркеу нормативтік құқықтық актілерінің Тіркелімінде тіркелген, 2008 жылғы 1 мамырдағы № 18 «Қызылжар және қызылжарлықтар» газетінде, 2008 жылғы 1 мамырдағы № 18 «Маяк» газетінде жарияланған) күші жойылған болып есептелсін.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       С. Оралұлы

      Аудандық мәслихат
      хатшысы                                    А. Молдахметова

      КЕЛIСIЛГЕН:

      «Қызылжар аудандық
      жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы     Н. Сұлтанғазин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады