2011 жылға Тимирязев ауданы аумағында тұратын халықтың нысаналы тобына жататын тұлғалардың қосымша тізімін белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 27 сәуірдегі N 109 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 12 мамырда N 13-12-126 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы N 325 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімдігінің 2011.12.21 N 325 Қаулысымен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 5-бабы 2-тармағына, 7-бабы 2) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы аумағында тұратын халықтың нысаналы тобына жататын тұлғалардың қосымша тізімі 2011 жылға белгіленсін:
      1) 29 жасқа дейінгі жастар
      2) 50 жастан жоғары тұлғалар
      3) бір жылдан артық жұмыс істемейтін тұлғалар
      2. «2010 жылға Тимирязев ауданы аумағында тұратын халықтың нысаналы тобына жататын тұлғалардың қосымша тізімін анықтау туралы» Тимирязев ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы № 235 қаулы күші жойылды деп тану (2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 13-12-97 нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2009 жылғы 26 желтоқсандағы № 52 «Көтерілген тың», 2009 жылғы 26 желтоқсандағы № 52 «Нива» газеттерінде жарияланған).
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Е. Макеноваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Қ. Қасенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады