Атырау қаласы бойынша салық ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 323 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 27 қаңтарда № 4-1-154 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 27 ақпандағы 2018 № 197 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 27.02.2018 № 197 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 422 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексiн (Салық кодексi) қолданысқа енгiзу туралы" Заңының 36 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, қалалық Мәслихат ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ескерту. 1-тармақтың күші жойылды - Атырау қалалық мәслихатының 2013.03.15 № 101 шешімімен.

      2. Айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      3. Атырау қалалық Мәслихатының 2010 жылғы 8 желтоқсандағы № 231 "Атырау қаласы бойынша 2011 жылға салық ставкаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4-1-129 нөмірімен тіркелген, 2011 жылы 6 қаңтарында "Атырау" газетінде № 2 жарияланған) шешімінің күші жойылсын деп танылсын.

      4. Осы шешім Атырау облысының әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

XXVIII сессия төрағасы,


қалалық Мәслихат хатшысы

Б. Қазиманов




Атырау қаласы бойынша салық ставкаларын белгілеу туралы" Атырау қалалық Мәслихатының 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 323 шешіміне 1–қосымша

      Ескерту. 1–қосымшаның күші жойылды - Атырау қалалық мәслихатының 2013.03.15 № 101 шешімімен.

Қызметi дүркiн-дүркiн сипатта болатын бiржолғы талондардың құны


"Атырау қаласы бойынша салық ставкаларын белгілеу туралы" Атырау қалалық Мәслихатының 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 323 шешіміне 2–қосымша

      Ескерту. 2–қосымшаға өзгеріс енгізілді - Атырау қалалық мәслихатының 13.03.2014 № 186 шешімімен.

Айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)

1

2

3

1.

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

5

2.

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

5

3.

Ойын өткізу үшін пайдаланатын дербес компьютер

4

4.

Ойын жолы

19

5.

Карт

7

6.

Бильярд үстелі

7


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады