Азғыр селолық округіндегі "Төсқұдық" және Еңбекші селолық округіндегі "Ақжонас" учаскелеріне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Жаңа

Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 13 маусымдағы N 204 қаулысы. Атырау облысының Құрманғазы аудандық әділет Басқармасында 2011 жылғы 22 маусымдағы N 4-8-209 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағын 18 тармақшасын, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағының 9 тармақшасын басшылыққа алып және Құрманғазы аудандық Бас мемлекеттік ветеринария-санитариялық инспекторының № 6 ұсынысы негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
      1. Атырау облыстық ветеринариялық зертханасының 2011 жылғы 31 мамырдағы № 17 сараптамасымен, азамат Табынов Дарханның меншігіндегі қой малы құтыру ауруына оң нәтиже берілуіне байланысты, Азғыр селолық округіндегі "Төсқұдық" учаскесіне шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Атырау облыстық ветеринариялық зертханасының 2011 жылғы 31 мамырдағы № 18 сараптамасымен, азаматша Жанизина Уахизаның меншігіндегі мүйізді ірі қара малы құтыру ауруына оң нәтиже берілуіне байланысты, Еңбекші селолық округіндегі "Ақжонас" учаскесіне шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      3. Азғыр селолық округіндегі "Төсқұдық", Еңбекші селолық округіндегі "Ақжонас" учаскелеріне шектеу іс-шаралары белгіленуіне байланысты Азғыр селолық округ әкімі Н. Мұханбетовке, Еңбекші селолық округ әкімі Ғ. Калиевке, Атырау облысы Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясының бастығы С. Сәлімғалиевке, аудандық ветеринария бөлімінің меңгерушісі Ә. Әбдірахманға, "Құрманғазы аудандық орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері Б. Ғазизовқа, Құрманғазы аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Ж. Қаспановқа, Құрманғазы ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы К. Утаровқа келесі тапсырмаларды орындау үшін ұсынылсын:
      1) құтыру ауруының белгісі бар ауру жануарларды анықтап жою және ветеринарлық талаптарға сәйкес залалсыздандыру шараларын алу, құтыру ауруы белгісі бар өлекселерді өртеу арқылы жоюды ұйымдастыру;
      2) ауырған малдармен қарым-қатынастары болған адамдарды шұғыл ауруханаға жеткізіп және құтыру ауруына қарсы вакциналық егісті ұйымдастыру;
      3) Азғыр селолық округіндегі "Төсқұдық", Еңбекші селолық округіндегі "Ақжонас" учаскелеріндегі мал мен иттерді, мысықтарды егу, сол сияқты ауру ошақтарын залалсыздандыру;
      4) ауру ошақтарынан ("Төсқұдық", "Ақжонас" учаскелері) мал өнімдерін шығармау;
      5) алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу.
      4. Осы қаулының 3 тармағында көрсетілген лауазымды тұлғаларға Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес құқықтары мен міндеттері шегінде тапсырмаларды орындау үшін ұсынылсын.
      5. Осы іс-шарадағы көрсетілген тапсырмалардың орындалуы жөніндегі ақпаратты апта сайын аудандық ветеринария бөліміне тапсыру ұсынылсын.
      6. Осы қаулының орындалуын қадағалауды аудан әкімінің орынбасары А. Мұфтахқа жүктелсін.
      7. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi және 2011 жылдың 2 маусымнан пайда болған қатынастарға қолданылады.

      Аудан әкімі:                               А. Такешев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады