Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 2 маусымдағы N 694 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 28 маусымда N 14-1-139 тіркелді. Күші жойылды - Шымкент қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 26 маусымдағы N 239 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шымкент қаласы әкімдігінің 2012.06.26 N  239 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және жұмыс іздеуде қиындықтары бар интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектерін әлеуметтік қорғау мақсатында оларды жұмыспен қамтамасыз ету үшін, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.М. Нарымбетовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 А.Жетпісбаев 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады