Кентау қалалық мәслихатының 2009 жылғы 31 наурыздағы № 134 "Бір жолғы талондардың құнын белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2011 жылғы 21 қазандағы N 340 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 18 қарашада N 14-3-119 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 68 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2012.12.04 № 68 (қолданысқа 2013.01.01 енгізіледі) Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңының 36-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес Кентау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. «Бір жолғы талондардың құнын белгілеу туралы» Кентау қалалық мәслихатының 2009 жылғы 31 наурыздағы № 134 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-3-71 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 23 мамырда «Кентау шұғыласы» газетінің 22 нөмірінде жарияланған) төмендегі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      аталған шешімнің кіріспесіндегі:
      «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару» деген сөздерден кейін « және өзін-өзі басқару» деген сөздермен толықтырылсын;
      1 және 2 тармақтардағы «жеке тұлғаларға» деген сөздер «Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы      И.Молдалиев
      Қалалық мәслихатының хатшысы               Е.Аширов
 


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады