Түркістан қаласының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2011 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2011 жылғы 27 мамырдағы N 44/299-IV шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 20 маусымда N 14-4-99 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2013 жылғы 30 қаңтардағы № 01-09/14 хатымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 30.01.2013 № 01-09/14 хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» қаулысының 2-тармағына және қала әкімінің мәлімдемесіне сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Түркістан қаласының ауылдық елді мекендеріндегі жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына қажеттілікті ескере отырып, 2011 жылы бір маманға жетпіс айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту  енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2011.08.10 N 48-325-IV шешімімен.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы:     Х.Муслимов
      
      Қалалық мәслихаттың хатшысы:               Ғ.Рысбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады