Тұрбат ауыл округі, Өндіріс елді мекенінің Таң ауылы аумағына карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 12 қыркүйектегі N 37 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 26 қыркүйекте N 14-6-144 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігі Тұрбат ауыл округі әкімінің 2011 жылғы 18 қарашадағы № 44 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігі Тұрбат ауыл округі әкімінің 18.11.2011 № 44 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 3137 баптарына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7-тармақшасына сәйкес және Қазығұрт ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2011 жылғы 11 тамыздағы № 2-8/401 санды ұсынысын қарап, Тұрбат ауыл округінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Тұрбат ауыл округі, Өндіріс елді мекенінің Таң ауылы тұрғынының жеке қосалқы шаруашылығында құтыру ауруының ошағы анықталуына байланысты Тұрбат ауыл округі, Өндіріс елді мекенінің Таң ауылы аумағына карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
      2. Осы шешімнің 1-тармағына сәйкес шектеу іс-шаралары енгізілген аумақта жануарлардың жұқпалы ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенін жүргізу Тұрбат ауыл округі әкімі аппаратының бас маман ветеринары А.Ашаматовқа тапсырылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауыл округі әкімінің орынбасары С.Сақбаевқа жүктелсін.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
      Ауыл округінің әкімі                       Ә.Ертаев        



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады