Көше атын беру туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы Қараспан ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 5 шілдедегі N 39 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 14 шілдеде N 14-8-106 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4 тармақшасына сәйкес және аумақ халқының пікірін ескере отырып, Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Қараспан ауыл округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қараспан ауыл округіне қарасты Көлтоған ауылындағы Кеңес көшесіне ауданның Құрметті азаматы Сейітқұлов Шүкірқарының аты берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын қадағалау Қараспан ауыл округі әкімі аппаратының бас маман іс-басқарушысы Т.Медеубековке жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      
      Қараспан ауыл округі әкімі                       А.Күдірбекұлы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады