Сайрам ауданы Сайрам ауыл округі Сайрам ауылының шегін өзгерту туралы

Күшін жойған

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихат сессиясының 2011 жылғы 8 тамыздағы N 51-411/IV шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 8 тамыздағы N 3 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 9 қыркүйекте N 14-10-169 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 мамырдағы № 31-199/V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 15.05.2014 № 31-199/V шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабының 3-тармағына сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШТІ және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
      1. Сайрам ауылының шегіне жалпы алаңы 139,0 гектар «З.Хусанов» өндірістік кооперативінің жерін қоса отырып, Сайрам ауылының шегі өзгертілсін.
      2. Осы бірлескен шешім және қаулының орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың ауыл аумақтарды дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасына жүктелсін.
      3. Осы бірлескен шешім және қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            М.Есалиев

      Сайрам аудандық мәслихатының хатшысы       Т.Төлендиев

      Сайрам ауданы әкімінің
      міндетін уақытша атқарушы                  С.Сапарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады