Сайрам ауданының ауылдық елді мекендеріне 2011 жылы жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшiн әлеуметтiк қолдауды ұсыну туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2011 жылғы 21 қыркүйектегі 52-419/IV шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 20 қазанда N 14-10-170 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2013 жылғы 1 ақпандағы № 31 хатымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 01.02.2013 № 31 хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 Қаулысымен бекітілген Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну ережесінің 2-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТI:
      1. 2011 жылы ауданның ауылдық елді, мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорттың мамандарына:
      1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
      2) тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит ұсынылсын.
      2. Осы шешiм алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.
 
      Cессия төрағасы                            М.Есалиев
 
      Аудандық мәслихаттың хатшысы               Т.Төлендиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады