Өсімдік шаруашылығының шығымдылығы мен өнімінің сапасын арттыруды 2011 жылы субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 15 маусымдағы N 126 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 17 маусымда N 2547 тіркелді. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (ШҚ облысы әкімі аппаратының 2012 жылғы 05 қаңтардағы N 6/74 хаты)

      Ескерту. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының 2012.01.05 N 6/74 хаты).

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 11-бабы 2-тармағының 5), 5-1), 5-2) тармақшаларына сәйкес «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысын іске асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар:
      1) осы қаулыға 1 қосымшаға сәйкес басым ауыл шаруашылығы дақылдарының 2011 жылға арналған тізбесі;
      2) осы қаулыға 2 қосымшаға сәйкес басым ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша 2011 жылға арналған субсидиялардың нормалары;
      3) осы қаулыға 345 қосымшаларға сәйкес тыңайтқыштардың және гербицидтердің түрлері бойынша субсидиялар нормативтері белгіленсін.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Г.В. Пинчукке жүктелсін.


      Облыс әкімі                                Б. Сапарбаев
 

      Келісілді:

      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрінің
      міндетін атқарушы                          Е. Аман

Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2011 жылғы 15 маусымдағы
№ 126 қаулысына
1 қосымша

Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының 2011 жылға арналған
тізбесі

№ р/с

Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы

1

Жаздық бидай

2

Күздік бидай

3

Күздік қарабидай

4

Қарақұмық

5

Тары

6

Арпа

7

Сұлы

8

Сафлор

9

Дәнді бұршақ тұқымдастар

10

Майлы дақылдар (күнбағыс, сафлор)

11

Рапс

12

Қытай бұршақ

13

Картоп

14

Көкөніс-бақша дақылдары

15

Жабық топырақта өсірілетін көкөністер

16

Ағымдағы жылы егілген көп жылдық шөптер (өткен жылдардағыны қоспағанда)

17

Бірінші, екінші және үшінші жылдарда егілген көп жылдық бұршақ тұқымдас шөптер

18

Бір жылдық шөптер

19

Сүрлемдік жүгері және күнбағыс

Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2011 жылғы 15 маусымдағы
№ 126 қаулысына
2 қосымша

Басым ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша 2011 жылға арналған
субсидиялардың нормалары

№ р/с

Басым ауыл шаруашылығы дақылдары

Бюджеттік субсидиялардың 1 гектарға арналған нормасы, теңге

1

Аймақтық ғылыми негізделген агротехнологияларды сақтай отырып өсірілетін дәнді дақылдар

900

2

Дәнді дақылдар (бюджеттік субсидиялардың базалық нормасы)

600

3

Сүрлемдік жүгері, сүрлемдік күнбағыс

1000

4

Бір жылдық шөптер

600

5

Ағымдағы жылы егілген көп жылдық бұршақ тұқымдас шөптер

2300

6

2 және 3 жылдары егілген көп жылдық бұршақ тұқымдас шөптер

1800

7

Ағымдағы жылы егілген көп жылдық шөптер (өткен жылдардағыны қоспағанда)

1000

8

Майлы дақылдар (күнбағыс, сафлор)

3500

9

Рапс

4000

10

Қытай бұршақ

5000

11

Көкөніс және бақша дақылдары

10000

12

Өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйесін қолданып өсірілетін көкөніс және бақша дақылдары

24000

13

Жабық топырақта өсірілетін көкөністер *

2600000

14

Картоп

20000

      Ескерту: * 1 дақыл алмасуына арналған норма 1300 000 теңге.
      2011 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағар май материалдары және басқа да тауар-материалдық құндылықтарының құнын арзандату жөніндегі іс-шараларды іске асыруға қажетті қаржы қаражатының көлемі Шығыс Қазақстан облысы бойынша 1581069 (бір миллиард бес жүз сексен бір миллион алпыс тоғыз) мың теңге құрайды.

Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2011 жылғы 15 маусымдағы
№ 126 қаулысына
3 қосымша

Өндірушілер сатқан 1 тонна (литр, килограмм) тыңайтқышқа
субсидиялардың 2011 жылға арналған нормативтері

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ШҚО әкімдігінің 2011.08.12  № 181 (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

№ р/с

Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері

1 тонна (литр, килограмм) тыңайтқыш құнын арзандату пайызы, дейін

Сатылған 1 тонна (литр, килограмм) тыңайтқышты субсидиялаудың 2011 жылға арналған нормативі, теңге

1

Аммиак селитрасы (N-34,4)

50 %

24350

2

Аммофос (N-10:P-46)

50 %

40750

3

Аммоний сульфаты (N-21)

50 %

17500

4

Қарапайым суперфосфат (Р-19)

50 %

21250

5

Сульфоаммофос
(P-20:N-20:S-40)

50 %

32000

6

"Б" маркалы МЭРС *

50 %

11000

7

Күкірт қышқылды калий
(калий сульфаты К205-53%)

50 %

72500

8

Хлорлы калий
(К205-42%, КСI 65%)

50 %

30000

      Ескерту: * 1 литрге арналған субсидиялар нормативі.

Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2011 жылғы 15 маусымдағы
№ 126 қаулысына
4 қосымша

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер жеткізушілерден және
(немесе) тікелей шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден сатып алған
1 тонна (литр, килограмм) тыңайтқышқа субсидиялардың 2011 жылға
арналған нормативтері

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ШҚО әкімдігінің 2011.08.12  № 181 (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

№ р/с

Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің 1 тонна (литр, килограмм) тыңайтқыш сатып алуға шығындарын өтеу пайызы, дейін

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің сатып алған 1 тонна (литр, килограмм) тыңайтқышқа субсидиялардың 2011 жылға арналған нормативі, теңге

1

Карбамид
(N-46,2; N-46,3; N-46,4)

50 %

24000

2

Нитроаммофоска
(№ 15:Р-15:К-15)

50 %

34000

3

Нитроаммофоска
(№ 13:Р-15:К-15)

50 %

39000

4

Нитроаммофоска
(№ 9:Р-25:К-25)

50 %

40000

5

Аммоний сульфаты (N-21)

50 %

17500

6

Калий сульфаты (К-50)

50 %

72500

7

Хлорлы калий (К-42)

50 %

30000

8

Хлорлы калий (К-60)

50 %

26750

9

Супрефос (N-12%P2O5-24%)+Ca Mg S)

50 %

26000

Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2011 жылғы 15 маусымдағы
№ 126 қаулысына
5 қосымша

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер гербицидтерді
жеткізушілерден сатып алған гербицидтердің 1 литріне (килограмына), субсидиялардың 2011 жылға арналған нормативтері


р/с

Субсидияланатын гербицидтердің түрлері

1 литр, килограмм гербицидтің құнын арзандату пайызы, дейін

Сатып алынған 1 литр, килограмм тыңайтқышқа субсидиялардың 2011 жылға арналған нормативі, теңге

Бір жылдық және көп жылдық қос жарнақты арамшөптерге қарсы гербицидтер

1

Дезормон эфир, 72% э.к. (2-этилгексилді эфир 2,4-Д)

50 %

498

2

Фенизан, с.е. (дикамба+хлорсульфурон)

50 %

1600

3

Зингер, е.ұ. (метсульфурон-метил, 600 г/л)

50 %

14000

4

Эфирам, э.к.

50 %

550

5

Зенит, (950 г/л)

50 %

665

6

Диамин, 72% с.е. (диметиламин тұзы 2,4-Д)

50 %

325

7

Диален супер, 480, с.е. (диметиламин тұзы 2,4-Д)

50 %

730

Қара сұлыға қарсы гербицидтер

8

Барс супер, 10% э.к. (феноксапропп-этил)

50 %

1500

9

Овсюген экстра, э.к. (феноксапропп-этил+антидот)

50 %

1850

10

Гепард, к.э.

50 %

1275

11

Авецид супер, 12% э.к. (феноксапропп-этил)

50 %

1350

12

Топик 080, э. к. (феноксапропп-этил)

50 %

2645

Тұтас әсер ететін гербицидтер

13

Клиник, 36% с.е. (глифосат, 360 г/л)

50 %

455

14

Спрут, 36% с.е. (глифосат, 360 г/л)

50 %

450

15

Тайфун, 36%, с.е.

50 %

425

16

Буран, 36% с.е. (глифосат, 360)

50 %

435

17

Ураган форте 500 с. е. (глифосат, 500 г/л)

50 %

670

18

Вихрь, с.е.

50 %

345

      Ескерту: э.к.- эмульсия концентраты, с.е. – су ерітіндісі, е.ұ. – ерітінді ұнтақ.
      Отандық өндірушілер өндірген тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын гербицидтермен өңдеуге жұмсалған шығындардың құнын арзандату жөніндегі іс-шараларды іске асыруға қажетті қаржы қаражатының көлемі Шығыс Қазақстан облысы бойынша 191781 (бір жүз тоқсан бір миллион жеті жүз сексен бір) мың теңге құрайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады