Аягөз ауданының Тарлаулы ауылдық округінде шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 22 маусымдағы N 581 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Аягөз аудандық әділет басқармасында 2011 жылғы 08 шілдеде N 5-6-139 тіркелді. Күші жойылды - Аягөз ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 22 қарашадағы N 852 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Аягөз ауданы әкімдігінің 2011.11.22 N 852 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 18) тармақшасын және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабы 2 тармағының 9) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Тарлаулы ауылдық округінде ұсақ мүйізді малдары арасында бруцеллез ауруының шығуына байланысты Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аягөз ауданының Тарлаулы ауылдық округінде ұсақ мүйізді малдары арасында бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.
      2. Аудандық аумақтық ауыл шаруашылық инспекциясының мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бас инспекторына (А. Муканов), аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығына (Д. Жұмақанов) жеке және заңды тұлғалармен орындауға міндетті ветеринарлық іс-шараларды ұйымдастыру ұсынылсын.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Аягөз ауданы әкімінің орынбасары М. Төлегеновке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Аудан әкімі                              Ә. Мұхтарханов
 

      Келісілді:

      Аягөз аудандық аумақтық
      ауыл шаруашылық инспекциясының
      мемлекеттік ветеринарлық-
      санитарлық бас инспекторы                А. Муканов
                                               22.06. 2011 ж.

      Аягөз аудандық санитарлық-
      эпидемиологиялық қадағалау
      басқармасының бастығы                   Д. Жұмақанов
                                              22.06.2011 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады