Аягөз ауданының Тарлаулы ауылдық округінің Қопа елді мекенінде шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 05 желтоқсандағы N 896 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық әділет басқармасында 2011 жылғы 12 желтоқсанда N 5-6-145 тіркелді. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Аягөз ауданы әкімінің аппаратының 2012 жылғы 20 наурыздағы N 05/754 хаты)

      Ескерту. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Аягөз ауданы әкімінің аппаратының 2012.03.20 N 05/754 хаты).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 18) тармақшасын және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабы 2 тармағының 9) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Тарлаулы ауылдық округінің Қопа елді мекенінде ірі қара малдары арасында құтыру ауруының шығуына байланысты Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аягөз ауданының Тарлаулы ауылдық округінің Қопа елді мекенінде ірі қара малдары арасында құтыру ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.
      2. Аудандық аумақтық ауыл шаруашылық инспекциясының мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бас инспекторына (А. Мұқанов), аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығына (Д. Жұмақанов) жеке және заңды тұлғалармен орындауға міндетті ветеринарлық іс-шараларды ұйымдастыру ұсынылсын.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Аягөз ауданының әкімінің орынбасары М. Төлегеновке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Аудан әкімі                                Ә. Мұхтарханов

      Келісілді:

      Аягөз аудандық аумақтық ауыл
      шаруашылық инспекциясының
      мемлекеттік ветеринарлық-
      санитарлық бас инспекторы                  А. Мұқанов
                                                 5.12.2011 ж.

      Аягөз аудандық санитарлық-
      эпидемиологиялық қадағалау
      басқармасының бастығы                      Д. Жұмақанов
                                                 5.12.2011 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады