Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын базалық ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 31/281-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Катонқарағай аудандық әділет басқармасында 2011 жылғы 20 қазанда № 5-13-95 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 17/159-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 13.04.2018 № 17/159-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 17.04.2014 № 22/155-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 381, 386-баптарына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Автотұрақтар (паркингтер) санаты олардың түрлеріне қарай 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы кұрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлерді қоспағанда, елді мекендер жерлеріне, базалық ставкалар бойынша салық салуға жататын, автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге автотұрақтардың санатына қарай ұлғайтылған базалық ставкалардың мөлшері 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      3. Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттағы жерлерге салықты есептеу кезінде жерлеріне базалық ставкалар қолданылатын жақын жатқан елді мекен Үлкен Нарын ауылы деп белгіленсін.

      4. Осы шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң іске енгізіледі.

Сессия төрағасы

А. Байғонысов



Аудандық мәслихат хатшысы

Д. Бралинов


  Катонқарағай аудандық мәслихатының
2011 жылғы 30 қыркүйектегі
N 31/281-IV шешіміне
1 қосымша

Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары

Автотұрақтардың түрлері

Санаты

1

Жер үстіндегі жабық түрдегі автотұрақтар (паркингтер), ашық түрдегі автотұрақтар (паркингтер)

1 санат

2

Басқа маңыздағы ғимараттарға жалғастырылған автотұрақтар, басқа маңыздағы ғимараттың ішіне салынған автотұрақтар

2 санат

3

Ғимараттардың жер астындағы, үй астындағы, жер үстіндегі төменгі немесе цокольдық қабаттарында орналасқан автотұрақтар

3 санат

  Катонқарағай аудандық мәслихатының
2011 жылғы 30 қыркүйектегі
N 31/281-IV шешіміне
2 қосымша

Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салық ставкаларының санатына қарай мөлшері

Автотұрақтардың санаты

Ставкалары

1

1 санаты

10 есе

2

2 санаты

9 есе

3

3 санаты

8 есе


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады