Сарыөлең ауылдық округінің Абақан қыстағына ветеринариялық режим белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 11 сәуірдегі N 2009 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Күршім аудандық әділет басқармасында 2011 жылғы 05 мамырда N 5-14-126 тіркелді. Күші жойылды - ШҚО Күршім ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 07 маусымдағы N 2089 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ШҚО Күршім ауданы әкімдігінің 2011.06.07 N 2089 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 18) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабы 2 тармағының 9) тармақшасына сәйкес Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сарыөлең ауылдық округінің Абақан қыстағындағы ірі-қара малдарының арасынан құтыру ауруы шығуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.
      2. Аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына (келісім бойынша) жеке және заңды тұлғалармен орындауға міндетті санитарлық-эпидемиологиялық іс-шараларды ұйымдастыру және қадағалау ұсынылсын.
      3. Сарыөлең ауылдық округінің әкіміне шектеу белгіленген аумақтан немесе аумаққа ауыл шаруашылығы жануарларын әкелу және осы аймақтан алып кету, ауыл шаруашылығы жануарлары шикізаттарын, өнімдерін дайындау және өткізу, еңбекті ұйымдастыру және басқа да әкімшілік шаруашылық шараларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамаларда белгіленген ережелерін сақтай отырып жүргізу тапсырылсын.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Д. Әлхановқа жүктелсін.
      5. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Күршім ауданының әкімі                       А. Сеитов
 

      Келісілді:

      ҚРДСММСЭҚК ШҚО департаментінің
      Күршім ауданы бойынша
      басқармасының бастығы                       Қ. Төлеуғазин
                                                  11.04.2011 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады