Ново-Андреевка ауылдық округінің Ново-Андреевка ауылында ірі қара малдары арасында қарасан індеті шығуына байланысты карантин режимін енгізу және шектеу қою туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 08 сәуірдегі N 183 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Үржар аудандық әділет басқармасында 2011 жылғы 28 сәуірде N 5-18-122 тіркелді. Күші жойылды - Үржар ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 26 мамырдағы N 291 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Үржар ауданы әкімдігінің 2011.05.26 N 291 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 18) тармақшасын және Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 Заңының 10 бабы 2 тармағының 9) тармақшасын басшылыққа ала отырып Ново-Андреевка ауылдық округінің Ново-Андреевка ауылында ірі қара малдары арасында қарасан індетінің шығуына байланысты Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ново-Андреевка ауылдық округінің Ново-Андреевка ауылында ірі қара малдары арасында қарасан індетінің шығуына байланысты, қолданыстағы заңнамаға сәйкес карантин режимін енгізе отырып, шектеу қойылсын.
      2. Үржар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы Б. Сатайға (келісімі бойынша) осы карантин іс-шаралары талаптарының орындалуына бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. Үржар ауданының ішкі істер бөлімінің бастығы Ш. Айтқазинге (келісімі бойынша) сауықтыру іс-шараларын өткізуге көмек көрсету ұсынылсын.
      4. Ново-Андреевка ауылдық округінің әкімі Н. Ануарбековке сауықтыру іс-шараларын өткізуді ұйымдастырсын.
      5. Осы қаулының орындалуына бақылау Үржар ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің бастығы А. Бексұлтановқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Үржар ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы                          Қ. Байсинов

      Келісілді:

      Үржар ауданының бас мемлекеттік
      ветеринариялық-санитариялық
      инспекторы                                 Б. Сатай

      08 сәуір 2011 ж.

      Үржар ауданының ішкі істер
      бөлімінің бастығы
      полиция полковнигі                         Ш. Айтқазин

      08 сәуір 2011 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады