Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 26 сәуірдегі N 215 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Үржар аудандық әділет басқармасында 2011 жылғы 13 мамырда N 5-18-124 тіркелді. Күші жойылды - Үржар ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 13 қыркүйектегі N 384 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Үржар ауданы әкімдігінің 2012.09.13 N 384 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 31 бабы 1 тармағы 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және жұмыс іздеуде қиындықтары бар интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектерін әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтамасыз ету үшін, Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Ж. Шоқаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы                   Қ. Байсинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады