Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 2011 жылғы 19 наурыздағы N 35/6-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Шемонаиха аудандық әділет басқармасында 2011 жылғы 12 сәуірде N 5-19-146 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 23/4-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 29.03.2018 № 23/4-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99–ІV Қазақстан Республикасы Кодексінің 422-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бірыңғай тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. "Шемонаиха ауданы бойынша салық салу бірлігіне тіркелген төлем ставкаларын белгілеу туралы" 2009 жылғы 13 ақпандағы № 16/3-IV (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-19-91 тіркелді, 2009 жылғы 06 наурызда "Уба-Информ" газетінің № 10 санында жарияланды) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

С. Руденко



Шемонаиха аудандық


мәслихатының хатшысы

Ә. Баяндинов


  Шемонаиха аудандық мәслихатының
2011 жылғы 19 наурыздағы
№ 35/6-ІV шешiмiне
қосымша

Бірыңғай тіркелген салықтың ставкасы

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Шемонаиха аудандық мәслихатының 2011.12.21 № 41/6-IV (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Рет

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салықтың ставка мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

5

2

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

2

3

Бильярд үстелі

5

4

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

3

5

Ойын жолы

5

6

Карт

2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады