Сырым ауданы бойынша нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 69 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 11 мамырда № 7-10-102 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 27 мамырдағы № 80 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің 27.05.2013 № 80 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына сүйеніп, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес Сырым ауданы бойынша нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін.
      2. "Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды қамтамассыз етсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Батырниязовқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                      Е. Нысангалиев

Аудан әкімдігінің
2011 жылғы 18 сәуірдегі
№ 69 қаулысына қосымша

Сырым ауданы бойынша нысаналы топтарға
жататын тұлғалардың қосымша тізбесі

      1. 50 (елу) жастан асқан тұлғалар;
      2. Бір жылдан астам жұмыс істемеген тұлғалар;
      3. Жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіби білім алған жұмыссыздар;
      4. Жоғары оқу орындары мен кәсіптік лицейдің студентері (жазғы демалыс уақытында).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады