Тасқала аудандық мәслихатының 2011 жылғы 30 наурыздағы № 32-2 "Тасқала ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 1 шілдедегі № 35-2 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 13 шілдеде № 7-11-143 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 2013 жылғы 14 қарашадағы № 16-6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 14.11.2013 № 16-6 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Тасқала аудандық мәслихатының "Тасқала ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2011 жылғы 30 наурыздағы № 32-2 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-11-140 болып тіркелген, 2011 жылғы 6 мамырдағы "Екпін" газетінің № 18-19 санында жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 1 тармақта:
      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "10) аз қамтылған азаматтарға, дәрігерлік-кеңестік комиссия қорытындысының және дәрігердің жолдамасы негізінде ауданнан тысқары жерлерде емделуге баратын азаматтарға өтініштері бойынша, бір жолғы – 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";
      мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "10-1) өртке, тасқын суға немесе басқа да табиғи және техногендық маңызы бар апаттардың зардабын шеккен азаматтарға өтініштері бойынша, бір жолғы – сәйкес аудандық комиссия белгілеген мөлшерде;".
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                  В. Федосов
      Аудандық мәслихат хатшысы        Қ. Нұрмұханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады