Телерадио хабарларын тарату саласындағы жеке кәсiпкерлiктiң тексеру парағының нысанын бекiту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 90 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2012 жылғы 17 шілдедегі № 222 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 21 тамызда № 7867 тіркелді

Телерадио хабарларын тарату саласындағы жеке кәсiпкерлiктiң
тексеру парағының нысанын бекiту туралы Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрiнiң 2012 жылғы 29 маусымдағы
№ 90 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және
сауда министрiнiң м.а. 2012 жылғы 17 шiлдедегi № 222
Бiрлескен бұйрығы
Баспасөз релизі

      Бірлескен бұйрық «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы және «Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес әзірленді.
      Осы бұйрықпен телерадио хабарларын тарату саласындағы жеке кәсiпкерлiктiң тексеру парағының ұсынған нысаны бекiтiлді.
      Нұсқа Қазақстан Республикасынның заңнамасын сақтау мақсатында елерадио хабарларын тарату саласындағы жеке кәсiпкерлiктiң тексеруді ұйымдастыру үшін әзірленді.
      Бұйрықтың толық мәтінімен Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің www.mki.gov.kz интернет-ресурсында («Стратегиялық жоспарлау және халықаралық ынтымақтастық департамент» айдары) танысуға болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз