"Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 9 қаңтардағы № 3-1-65қ қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 158-336 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2012 жылғы 23 сәуірде нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 722 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 158-158 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 01.02.2017 № 158-158 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабының 12-тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 тамыздағы № 972 қаулысына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 9 қаңтардағы № 3-1-65қ қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 26 қаңтарда № 308 болып тіркелген, 2004 жылғы 12 ақпандағы № 21 "Астана хабары"; 2004 жылғы 27 наурыздағы № 34 "Вечерняя Астана" газеттерiнде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулының 1-тармағы алынып тасталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Ғ. Балаеваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2012 жылғы 1 қантардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

Әкiм
И. Тасмағамбетов

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады