"2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2012 жылғы 26 наурыздағы № А-3/136 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2012 жылғы 6 тамыздағы № А-9/385 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 29 тамызда № 3438 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы әкімі аппаратының 2013 жылғы 11 маусымдағы № 1.5-13/8492 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы әкімі аппаратының 11.06.2013 № 1.5-13/8492 хатымен).

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография мен пунктуация сақталған.
      «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңына, “Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 620 қаулысына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы” Ақмола облысы әкімдігінің 2012 жылғы 26 наурыздағы № А-3/136 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3424 болып тіркелген, “Арқа ажары” және “Акмолинская правда” газеттерінде 2012 жылдың 05 сәуірінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
      келесі мазмұндағы 4-1-тармағымен толықтырылсын:
      “4-1. 3-қосымшаға сәйкес облыстық шақыру комиссиясының резервтік құрамы бекітілсін.”;
      осы қаулының қосымшасына сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Қ.Қ. Айтмұхаметовке жүктелсін.
      3. Ақмола облысы әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі                     Қ Қожамжаров

      «КЕЛІСІЛДІ»

      «Ақмола облысы қорғаныс істері
      жөніндегі департаменті»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            А.Старцев

      «Ақмола облысы ішкі істер департаменті»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            А.Қажкенов

Ақмола облысы әкімдігінің
2012 жылғы “6” тамыздағы
№ А-9/385 қаулысына
қосымша

Ақмола облысы әкімдігінің
2012 жылғы 26 наурыздағы
№ А-3/136 қаулысына
3-қосымша

Облыстық шақыру комиссиясының резервтік құрамы

Қайнарбеков Асхат Қанатұлы

 
-

Ақмола облысы әкімінің
орынбасары, шақыру комиссиясының төрағасы;

Сүндетов Қасым Қадырұлы

 
-

“Ақмола облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті” мемлекеттік мекемесі бастығының бірінші орынбасары, шақыру комиссиясы төрағасының орынбасары (келісім бойынша);

Комиссия мүшелері:

Баймурзин Болат Рамазанұлы

 
-

“Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облыстық ішкі істер департаменті” мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша);

Мәженова Гүлбахира Елментайқызы

 
-

“Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы“ мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары, медициналық комиссияның төрайымы;

Немешева Елена Владимировна

 
-

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы “Ақмола облыстық ауруханасы” шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының медбикесі, комиссия хатшысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады