Бурабай ауданы Щучье қаласының шекараларын өзгерту туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2012 жылғы 18 қыркүйектегі № А-10/438 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2012 жылғы 18 қыркүйектегі № 5С-6-5 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 12 қазанда № 3467 тіркелді

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес және Бурабай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 8 тамыздағы № А-8/437 қаулысы мен Бурабай аудандық мәслихатының 2011 жылғы 8 тамыздағы № 5С-8/2 шешімінің негізінде Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучье қаласының шекаралары, оның шегіне жалпы алаңы 128,56 гектар Бурабай ауданы жерінің бөлiгi енгізіліп, қосымшаға сәйкес өзгертілсін.
      2. Осы Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.


      Ақмола облысының әкімі                     Қ.Қожамжаров

      Ақмола облыстық мәслихаты
      сессиясының төрағасы                       А.Тайшытаев

      Ақмола облыстық
      мәслихатының хатшысы                       Н.Дьячек


Ақмола облысы әкімдігінің 
2012 жылғы 18 қыркүйектегі
№ А-10/438 қаулысына қосымша

Ақмола облыстық мәслихатының
2012 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 5С-6-5 шешіміне қосымша

Щучинск қаласының шегіне қосылатын Бурабай ауданының жерлері бір бөлігінің экспликациясы

                                                      гектар

Р/р №

Ауданның атауы

Барлық жер

Оның ішінде

Ауыл шаруашылығы жерлері

Су асты

Жолдардың астындағы

Құрылыстардың астындағы

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері

егістік

көпжылдық жас көшеттер

жайылым

1

Бурабай ауданы

128,56

-

-

-

-

0,5

40,95

87,11

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады