Ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2012 жылғы 24 қазандағы № С-12/7 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 13 қарашада № 3485 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 23 сәуірдегі № С-16/16 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 23.04.2013 № С-16/16 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес, Көкшетау калалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін жылына бір рет 12,0 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек берілсін.
      2. Әлеуметтік көмек «Қазпошта» акционерлік қоғамы Ақмола облыстық филиалындағы алушының есеп шотына ақшаны аудару жолымен жүзеге асырылатындығы ескерілсін.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бесінші шақырылған Көкшетау
      қалалық мәслихатының 12
      кезектен тыс сессияның төрағасы            Ж.Әміржанов

      Бесінші шақырылған
      Көкшетау қалалық
      мәслихатының хатшысы                       Б.Бегалин

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Көкшетау қаласының әкімі                   М.Батырханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады