2013 жылға Атбасар ауданында халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін анықтау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № А-13/682 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 28 желтоқсанда № 3571 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімінің 2014 жылғы 10 қаңтардағы № 02-09/39 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімінің 10.01.2014 № 02-09/39 хатымен).

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына сәйкес, нысаналы топтар құрамына кіретін және әлеуметтік қорғауда неғұрлым мұқтаж тұлғалардың жұмыспен қамтылуына көмек көрсету мақсатында, Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі анықталсын:
      1) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жасты қоса алғанды;
      2) көп уақыт жұмыс істемейтін тұлғалар (бір жылдан артық);
      3) отбасында бірде бір жұмыс істейтін адамдары жоқ тұлғалар;
      4) бұрын жұмыс істемеген тұлғалар;
      5) елу жастан зейнеткерлік жасқа дейін жеткен тұлғалар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      6) техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының түлектері.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Ж.Ғ.Қаженовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Е.Сағдиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады