Сотталғандарға негізгі жұмыстан немесе оқудан бос уақытта тегін қоғамдық пайдалы жұмыс түрлерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 6 ақпандағы № А-2/84 қаулысы. Ақмола облысы Жарқайың ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 2 наурызда № 1-12-162 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № А-1/9 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 16.01.2015 № А-1/9 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық кодексінің 42 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексінің 30 бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Жарқайың ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сотталғандарға негізгі жұмыстан немесе оқудан бос уақытта тегін қоғамдық пайдалы жұмыс түрлері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.Ә.Шәкіровке жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жарқайың ауданының әкімі                   А.Қалжанов

Жарқайың ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 6 ақпандағы
№ А-2/84 қаулысына қосымша

Сотталғандар үшiн қоғамдық жұмыс түрлерi

1. Аумақты мұздан тазарту
2. Аумақты қардан тазарту
3. Аумақты қоқыстан тазарту
4. Аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазарту
5. Аумақты арам шөптерден тазарту
6. Ағаштарды кесу, ағарту, отырғызу
7. Қоршауларды жөндеу және бояу
8. Ғимараттарды ақтау, бояу
9. Гүл клумбаларын бөлу
10. Көгал алаңды қайта қазу
11. Құрылыс қоқыстарын жинау

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады