Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 22 тамыздағы № А-6/296 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 25 қыркүйекте № 3446 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 15 сәуірдегі № А-4/95 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 15.04.2013 № А-4/95 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабы 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заныңа сәйкес, Қазақстан Республикасы Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306  бұйрығымен бекітілген мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесі негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.А.Атабаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шортанды ауданының
      әкімі                                      С.Камзебаев

Шортанды ауданы әкімдігінің
2012 жылғы «22» тамыздағы
№ А-6/296 қаулысына қосымша

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін
төлемақы мөлшері


р/с

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй

Тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері

1

Шортанды ауданы, Научный кенті, Бараева көшесі 14

61,31 теңге

2

Шортанды ауданы, Шортанды кенті, Пушкина көшесі 52

60,17 теңге

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады