Ақтөбе облысының агроөнеркәсіп кешені саласындағы инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру Қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 13 тамыздағы № 283 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 14 қыркүйекте № 3415 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7-бабы 2-тармағының 10-1) тармақшасына, сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облысының әкімдігінің 30.03.2016 № 126 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. Қоса беріліп отырған Ақтөбе облысының агроөнеркәсіп кешені саласындағы инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру Қағидалары бекітілсін.

      2. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы Қағидаларды Басқарманың ғаламтор-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 2 тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облысының әкімдігінің 30.03.2016 № 126 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары М. Е. Абдуллинге жүктелсін.

      Ескерту. 3 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысының әкімдігінің 21.05.2018 № 219 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Облыс әкімі А. Мұхамбетов

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2012 жылғы 13 тамыздағы
№ 283 қаулысымен
бекітілді

Ақтөбе облысының агроөнеркәсіп кешені саласындағы инновациялық
жобаларды іріктеуді ұйымдастыру Қағидалары

1. Жалпы ереже

      1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіп кешені мен ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7-бабының 2-тармағының 10-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 27- бабының 2-тармағына сәйкес жасалды.

      Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облысының әкімдігінің 30.03.2016 № 126 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы Қағидаларда мына терминдер мен анықтамалар қолданылады:

      1) агроөнеркәсіп кешенінде субъектілері (бұдан әрі – АӨК субъектісі) - агроөнеркәсіп кешенінде қызметтерін жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғалар;

      2) бюджеттік бағдарлама әкімшісі – облыстың АӨК саласында инновациялық тәжірибені тарату және ендіру бойынша бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты өкілетті орган (бұдан әрі – Бағдарлама әкімшісі);

      3) бағдарлама - 019 "Инновациялық тәжірибелерді тарату және ендіру бойынша шараларды жүргізу" бюджеттік бағдарламасы;

      4) Бағдарлама іс-шарасы - әрбір іс-шараның екі жылдан аспайтын іске асырылу мерзімі бар АӨК инновациялық тәжірибелерді тарату және ендіру жөніндегі кешенді шаралар;

      5) ғылыми-зерттеу ұйымдары (бұдан әрі - ҒЗҰ) – ғылыми зерттеулер жүргізуге мемлекеттік аккредитациясы бар, негізгі қызметі АӨК аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу болып табылатын заңды тұлғалар;

      6) өтінім – өтініш берушілердің қаржыландыру алу мақсатында Бағдарлама әкімшісіне беретін осы Қағидалармен белгіленген құжаттар топтамасы;

      7) өтінім берушілер – тарату, банкроттау үдерісінде тұрмаған Бағдарламаның іс-шараларын бірігіп жариялаушы ғылыми-зерттеу ұйымдары мен АӨК субъектілері;

      8) өтінімдерді іріктеу және бағдарлама іс-шараларын қаржыландыру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) өтінішке кешенді баға беру үшін облыс әкімінің қаулысымен құрылған жергілікті атқарушы орган жанында тұрақты жұмыс істейтін алқалы орга.

      Ескерту. 2 тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облысының әкімдігінің 30.03.2016 № 126 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      3. Бағдарлама іс-шараларын іріктеу агроөнеркәсіп кешенінің мына салалық бағыттары бойынша іске асырылады:

      1) өсімдік шаруашылығы (оның ішінде өсімдіктерді қорғау және карантиндеу);

      2) мал шаруашылығы және ветеринария;

      3) ауыл шаруашылығын механикаландыру;

      4) ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу;

      5) акваөсіру (балық өсіру).

      АӨК аймақтарындағы қажеттіліктеріне орай Бағдарлама шараларын сәйкестендіру мақсатында әр саланың ішкі бағыттарынан басымды бағыттар анықталады, оларға іріктеулер жүргізіледі.

      Ескерту. 3 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысының әкімдігінің 21.05.2018 № 219 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

2. Өтініштерді іріктеу тәртібі

      4. Бағдарлама әкімшісі жылына бір рет бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ жергілікті атқарушы органның Интернет ресурсында іріктеу басталғанға дейінгі 15 (он бес) жұмыс күн ішінде Бағдарлама іс-шараларының өтініш берушілері арасында іріктеу жүргізілетіндігі туралы хабарландыру жариялайды.

      Хабарландыруда өтімдерді тапсыру мерзімі, қосымша ақпараттар алу үшін Бағдарлама әкімшісінің байланыс ақпараты, олар бойынша қаржы бөлінетін өңір АӨК дамытудың басым бағыттары, басқа ілеспе ақпараттар көрсетіледі.

      5. Инновациялық жобаларды іріктеуге қатысу үшін Бағдарлама әкімшісіне өтінім берушілер мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім;
      2) осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес инновациялық жобаның іс-шараларына түсініктеме жазба;
      3) осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес инновациялық жобаның іс-шараларын іске асыру жоспары;
      4) осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес инновациялық жобаның іс-шараларын іске асыру шығындарының сметасы;
      5) инновациялық жобаларды іске асыруға қатысатын өтінім берушілердің мамандарының түйіндемесі;
      6) өтінім берушінің аграрлық бағытта ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жұмыстарды орындауға біліктілігін растайтын лицензиялардың, патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың және басқа да құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмесі немесе салыстыру үшін міндетті түрде құжаттардың түпнұсқасы;
      7) заңды тұлғалар үшін:
      заңды тұлғаның нотариалдық куәландырылған құрылтай құжаттарының (жарғының және құрылтай шартының) көшірмелері немесе салыстыру үшін міндетті түрде құжаттардың түпнұсқасы;
      заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) жөнінде, белгіленген нысан бойынша тіркеуші орган беретін анықтаманың немесе куәліктің түпнұсқасы;
      салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екендігі туралы тиісті салық органының белгіленген үлгідегі түпнұсқа анықтамасы (Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес төлем төлеу мерзімі кейінге қалдырылған реттерді қоспағанда);
      өтінім берушінің банктің немесе банк филиалының, соның ішінде шетелдік банктердің алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылып келе жатқан мерзімі өткен берешегінің болмауы туралы өтінім берушіге қызмет көрсетілетін банктердің немесе банк филиалдарының қолы мен мөртаңбасы бар анықтаманың түпнұсқасы. Анықтама өтінім берілген сәтке бір айдан асырылмай берілген болуға тиіс;
      ғылыми-зерттеу ұйымын аккредитациялау туралы куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмесі немесе салыстыру үшін міндетті түрде құжаттың түпнұсқасы;
      8) жеке тұлғалар үшін:
      Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалдық куәландырылған көшірмесі немесе салыстыру үшін міндетті түрде құжаттардың түпнұсқасы;
      салық төлеушінің салықтық қарызының жоқтығы немесе барлығы туралы салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы.

      9) екінші деңгейдегі банктер мен басқа да қаржы институттары алдында мерзімі өткен берешектерінің жоқтығы туралы өтініш берушіден растама хат.

      Ескерту. 5 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысының әкімдігінің 30.03.2016 № 126 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      6. Бірыңғай папкаға жинақталған, беттері нөмірленген, осы Қағидалардың талаптарына сәйкес ресімделген іріктеуге қатысуға арналған құжаттар өтінім беруші (лер) мен ұсынылады.

      7. Өтінім беруші өзі берген құжаттардың, бастапқы деректердің, есептесулердің, негіздемелердің толықтығы мен анықтығын қамтамасыз етеді.

      8. Өтініштерді қабылдау мерзімі өткен соң Бағдарлама әкімдігі 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініштерді алдына ала іріктеу жұмысын жүргізеді.

      Алдын ала іріктеу мына критерий бойынша жүргізіледі:

      1) ұсынылған ақпараттардың толықтығы, оның осы Қағидалардың талаптарына сай болуы;

      2) Бағдарлама шараларының өңірдегі АӨК дамытудың басым бағыттарына сай келуі.

      9. Өтініштері алдын ала іріктеуден өткен өтініш иелеріне, 3 (үш) жұмыс күні ішінде алдын-ала іріктеу қорытындысы немесе көрсетілген себепке байланысты өтініштің кері қайтарылуы туралы жазбаша түрде хабарланады.

      10. Өтініш мына жағдайда кері қайтарылады:

      1) өтініш беруші ақпараттарды толық, дәйексіз ұсынбаса немесе өтініш құжаттары осы Қағидалардың талаптарына сай жасалмаса;

      2) жоба іске асырылатын орын тиісті облыстан тыс жерге орналасқан жағдайда;

      3) өтініш жасалған Бағдарлама шаралары осы өңірдің АӨК дамытудың басым бағытына қатысы болмаса;

      4) өтініш жасаған АӨК субъектісі бұрын Бағдарлама шеңберінде қаржы алып, бірақ Бағдарламаның шараларын іске асыру барысы қанағаттанарлық емес деп танылса.

3. Комиссия туралы ереже, оның қызметін ұйымдастыру

      11. Комиссия тұрақты қызмет жасайтын коллегиялық орган болып табылады. Комиссия өзінің жұмысын ашықтық, жариялылық және алқалық қағидатында ұйымдастырады.

      12. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасы заңдарын, осы Қағидаларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.

      13. Комиссияның құрамына: ауыл шаруашылығына жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасары, мүдделі жергілікті атқарушы органдардың, жергілікті өкілді органдардың өкілдері (келісім бойынша), қоғамдық бірлестіктердің (келісім бойынша), Ақтөбе облысы бойынша кәсіпкер палатасының өкілдері (келісім бойынша) енгізіледі.

      Ескерту. 13 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысының әкімдігінің 30.03.2016 № 126 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      14. Комиссия комиссия төрағасынан, хатшыдан және мүшелерінен тұрады. Комиссияның жалпы саны кемінде бес адам құрайды.

      15. Бағдарлама әкімшісі комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      Ескерту. 15 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысының әкімдігінің 30.03.2016 № 126 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      16. Комиссия отырысының өтетін күні жөнінде өтініш берушіні хабардар ету, күн тәртібіне енгізілетін ұсыныстарды әзірлеу, қажетті құжаттар мен материалдарды және Комиссия отырысының шешімі жөніндегі хаттаманы жасақтауды комиссияның хатшысы іске асырады.

      17. Комиссия отырысы оның жалпы санының үштен екісі болғанда құқылы. Комиссия шешімі ашық дауыспен қабылданады және олар үшін комиссия мүшелері жалпы санының көпшілігі дауыс бергенде қабылданған болып есептеледі. Дауыстар тең болған ретте Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып есептеледі. Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес комиссия шешіміне шағым берілуі мүмкін.

4. Өтініштерге кешенді баға беру және іріктеу

      18. Комиссия өтінімдерді алдын ала іріктеуден өткен жобалар бойынша өтінімдерді кешенді бағалау жүргізуді қамтамасыз етеді.

      Комиссия кешенді бағалауды мына өлшемдер бойынша жүргізеді:

      1) сұралатын қаржының негізділігі;

      2) өтінімнің қаржыны жұмсау бағыттарының, қаржы көлемінің және басқа да параметрлерінің осы Қағидалар талаптарына сәйкестігі;

      3) Бағдарлама іс-шараларының өңірдің АӨК дамуына және еңбек өнімділігінің деңгейіне ықпалының дәрежесі;

      4) өтініш берушілердің құқықтық мәртебесінің, төлем қабілеттілігінің осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі;

      5) өтініш берушілер біліктілігі мен техникалық жарақтандырылуының Бағдарлама іс-шараларының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестiгi.

      19. Өтінімді кешенді бағалау жүргізу барысында комиссия өтініш берушілерден түсініктеме беретін ақпарат сұратуға, бағалауды сапалы жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында қажет болған кезде тиісті біліктіліктегі басқа мамандарды тартуға құқылы. Өтінімдерді кешенді бағалау және іріктеу 10 (он) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

      20. Өтінімдері кешенді бағалаудың теріс қорытындысын алған өтініш берушілерге әкімші комиссияның тиісті хаттамалық шешімі қабылданғаннан кейінгі 5 (бес) жұмыс күні ішінде кері қайтару себептерін көрсете отырып ресми хат жолдайды.

      21. Комиссияның қаржы беру туралы оң шешімі Бағдарлама іс-шараларын бөлінген қаржы есебінен қаржыландыру жөніндегі әкімші үшін негіз болып табылады.

      22. Комиссияның ұсынымының негізінде бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Комиссия отырысының хаттамасына қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының бюджеттік бағдарламалар ауқымында инновациялық жобаны жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру туралы шешім қабылдайды.

      23. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі инновациялық жобаны қаржыландыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде инновациялық жоба туралы шарт жобасына қол қояды және іріктеу қорытындысымен анықталған жеңімпазға(дарға) жолдайды. Инновациялық жоба туралы шарт жасау мерзiмi жобаны өтініш берушіге (лерге) жіберген күннен бастап күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспауға тиіс.

5. Қаржыландыру және қаржыны игеру

      24. Қаржы ғылыми-зерттеу мекемесі - өтініш берушіге Бағдарлама іс-шараларын іске асыру Жоспарына сәйкес төленеді.

      Төлем тәртібі және нысаны шартта талаптарымен қаралады.

      25. Қаржы қатаң түрде шартта көзделген нысаналы мақсатқа сәйкес пайданылады. Бағдарламаның бір іс-шарасын іске асыруға сұралған қаражаттың соммасы бір жылға 2500,0 (екі миллион бес жүз) мың теңгеден аспауға тиіс.

      26. Өтініш берушілер Бағдарлама іс-шаралары төлемдерінің бухгалтерлік есебін жүргізуді қамтамасыз етуге міндетті.

      27. Қаржылар бағдарламаға қатысушы тараптардың салыққа берешектерін жабуға пайдаланылуы мүмкін емес.

      28. Бағдарлама іс-шараларын іске асыруға қатысушы АӨК субъектілерінің негізгі құрал-жабдықтарын сатып алуға, ғимараттары мен құрылыстарын ұстауға, ауыл шаруашылығы жануарларын, генетикалық материалдар, Бағдарлама іс-шараларын нәтижелерін кеңінен таратуға арналған басқа шығыс материалдарын (жанар-жағар май, тұқымдық материал, қосалқы бөлшектер, басқалар) сатып алуға байланысты шығындар АӨК субъектілерінің жеке қаржылары есебінен жабылады.

      29. Жобаны іске асыру барысында жүзеге асырылған шығындардың іске асыру жоспарына, жоба бюджетіне сәйкестігін тексеру мақсатында Бағдарлама әкімшісі қажет болған ретте жергілікті атқарушы органның мүдделі уәкілетті органдарының мамандарын тарта отырып Бағдарлама іс-шараларын іске асыру ауқымында орындалған жұмыстарды ай сайын және тоқсан сайын актілеуді қамтитын ағымдағы қаржылық мониторинг жүргізуді жүзеге асырады. Атқарылған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актілері үш данада жасалады және Комиссиямен бекітіледі.

6. Қорытынды ережелері

      30. Осы Қағидаларға кез-келген өзгерiстер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес енгізіледі.

  Ақтөбе облысының
агроөнеркәсіп кешені
саласындағы инновациялық
жобаларды іріктеуді
ұйымдастыру Қағидаларына
1-қосымша

Өтінім нысаны

1.

Тіркелу нөмірі және күні (Бағдарлама әкімшісі қызметкерлерімен толтырылады)


2.

Бағдарлама іс-шарасының атауы


3.

Инновациялық тәжірибені енгізу және тарату саласы (кіші саласы)


4.

Бағдарлама іс-шарасының қысқаша сипаттамасы (жобаның негізгі мақсаты мен мәнін көрсету, жоба нәтижелерінің нақтылы қолданылуы, осындай жобаларды іске асыруға қатысу тәжірибесі)


5.

Жобаның ұзақтығы (айлар бойынша)


6.

Жобаның басталу және аяқталу күні


7.

Сұралған қаражаттардың сомасы (теңгемен)


8.

Өтініш берушінің (лердің) атауы, мекенжайы, телефоны, факсы, электрондық поштасының мекенжайы


9.

Өтініш берушілермен байланысатын адамының Т.А.Ә., мекенжайы, телефоны, электрондық поштасы


10.

Бағдарлама іс-шарасының басшысы (ҒЗО қызметкері) (аты, тегі және қызметі, телефон, факсы,электрондық поштасы көрсетіледі)


11.

Бағдарлама іс-шарасын іске асыруға қатысушы АӨК субъектілерінің атауы, мекенжайы, телефон, факсі, электрондық поштасының мекенжайы


  Ақтөбе облысының
агроөнеркәсіп кешені
саласындағы инновациялық
жобаларды іріктеуді
ұйымдастыру Қағидаларына
2-қосымша

Бағдарлама іс-шарасына түсініктеме жазба

      1. Бағдарлама іс-шарасының атауы

      2. Бағдарлама іс-шарасының іске асырылатын жері: аудан, елді мекен

      3. Бағдарлама іс-шарасының мақсаты және міндеттері (1 беттен көп емес)

      4. Негізгі өтініш берушінің (ғылыми-зерттеу ұйымының) және Бағдарлама іс-шараларына қатысушы АӨК субъектілерінің қысқаша сипаттамасы (0,5 беттен аспайды):

      толық атауы;

      негізгі өтініш беруші мен бағдарлама іс-шараларына қатысушы АӨК субъектілері қызметтерінің сипаттамасы;

      негізгі мамандар, олармен орындалатын жұмыс түрлері (түйіндеме және біліктілігін растайтын құжаттарын қоса бере отырып);

      осы бағдарлама ауқымында басқа жобаларды іске асыру туралы ақпарат.

      5 Бағдарлама іс-шараларының негіздеу: өндірістің осы бөлігінде бар проблемаларды, іс-шара қандай проблеманы шешуге бағытталатындығын көрсете отырып. Іс-шараны іске асыру маңыздылығы мен қажеттілігінің, оның өңір АӨК технологиялық дамыту деңгейіне және еңбек өнімділігіне ықпалының сипаттамасы (0,5 беттен көп емес).

      6. Бағдарлама іс-шараларын іске асыру ауқымында орындалатын негізгі жұмыстар сипаттамасы: қандай жұмыстар орындалады, өндірісте пайдалану үшін, жобаны орындау барысында тексеруден өткізу және көрсету үшін ұсынылатын нақты шешімдер мен технологиялар, нақты шаруашылық, аудан және облыс экономикасы үшін практикалық маңызының бағасы. Әрбір жұмыс мақсаты, мазмұны, ұзақтығы, күтілетін нәтижелері, ресурстарға сұранысы, соның ішінде Бағдарлама іс-шараларын іске асыруға қатысушы АӨК субъектісінің базасында ғылыми әзірлемені (технологияны) енгізу және тарату жөніндегі ҒЗҰ методологиясын (2,5 беттен көп емес) келтіру қажет.

      7. Нәтижелілік: Бағдарлама іс-шарасын іске асыру нәтижелерінің сандық және сапалық көрсеткіштері. Өздеріне нақты, еңбек өнімділігінің жетілдірілуіне ықпал етуші бағаларының айқын нәтижелерін және өтінім беруші өндірісі мен аудан (облыс) экономикасының тиімділігін енгізулері қажет.

      Бағдарлама іс-шарасын іске асырудан түскен экономикалық пайданы бұрын пайдаланып келген технологиялармен салыстыра отырып көрсету, іс-шараның өңірдің АӨК дамыту тұрғысынан алғандағы орындылығын, аграрлық нарықтағы жағдайды негіздеу қажет (1,5 беттен көп емес).

      8. Экологиялық баға Бағдарлама іс-шарасын іске асырудың өңірдің қоршаған ортасына және табиғи ресурстарына әсерінен (қанағаттандырарлық, бейтарап немесе жағымсыз әсер) тұруға тиіс. Жағымсыз әсер еткен жағдайда мұндай әсерді әлсірету үшін не істелетіндігі көрсетілуі қажет (0,5 беттен көп емес).

      9. Тәуекелдер: Бағдарлама іс-шарасын табысты аяқтаудың негізгі тәуекелдері және мұндай тәуекелдерді жеңіп шығу шаралары (0,5 беттен көп емес).

      10. Жобаның өмірге икемділігі: Бағдарлама ауқымында қаржыландыру аяқталғаннан кейін Бағдарлама іс-шарасын іске асыруға қатысушы АӨК субъектілері өндірісінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қабылданатын шараларды сипаттау қажет (0,5 беттен көп емес).

  Ақтөбе облысының
агроөнеркәсіп кешені
саласындағы инновациялық
жобаларды іріктеуді
ұйымдастыру Қағидаларына
3-қосымша

Бағдарлама іс-шарасын іске асыру жоспары
(атауын көрсету керек)

Жұмыс түрі

Күтілетін нәтижелер (1 жыл)

1 тоқсан

2 тоқсан

3 тоқсан

4 тоқсан

1.





2.






Жұмыс түрі

Күтілетін нәтижелер (2 жыл)

1 тоқсан

2 тоқсан

3 тоқсан

4 тоқсан

1.





2.





  Ақтөбе облысының
агроөнеркәсіп кешені
саласындағы инновациялық
жобаларды іріктеуді
ұйымдастыру Қағидаларына
4-қосымша

Бағдарлама іс-шарасын іске асыру бюджеті және шығындарының
сметасы (атауын көрсету керек) мың. теңге

Шығын баптары

Өлш.бірл.

соның ішінде айлар бойынша

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12


Бағасы


Құны

1.

Еңбек ақы немесе сыйақы негізгі жұмыс орнындағы еңбек ақысының 35 % артық емес
















1.1.

















1.2.

















2.

Іссапар шығындары
















3.

Кеңсе шығындары
















4.

Көлік шығындары
















5.

Басқа шығындар (көрсетілсін)
















5.1.

















5.2.

















6.

Тікелей шығындар жинағы
















7.

Қосымша шығыстар (тікелей шығыстардың 10 % аспайды)
















Барлығы
















      1. Бағдарлама іс-шарасының iске асырдың әрбір жылына бөлек көрсетiледi
      2. Бюджеттік қаржыдан қаржыландыратын (ҒЗҰ көрсеткен қызметтері бойынша) шығыстар бөлек көрсетілсін
      3. Шығыстар сметасының негіздемелері бойынша есептер

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады