Байғанин ауданы бойынша нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 27 наурыздағы № 54 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 6 сәуірде № 3-4-144 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № 73 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 20.04.2016 № 73 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабының 2 тармағына сәйкес, Байғанин аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 03.10.2013 № 183 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      1. Еңбек рыногындағы жағдайға қарай Байғанин ауданы бойынша нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тiзбесi белгіленсін:
      1) 29 жасқа дейінгі жұмыссыз жастар;
      2) 50 жастан асқан жұмыссыз әйелдер;
      3) 55 жастан асқан жұмыссыз ер адамдар.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Аманғосқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі: Б.Кемешов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады