Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 28 наурыздағы № 39 "Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін білім беру, мәдениет және әлеуметтік қамсыздандыру мамандарына үстем ақы белгіленуі туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 19 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 22 мамырда № 3-8-154 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2016 жылғы 4 қарашадағы № 40 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 04.11.2016 № 40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 4 тармағына сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Аудандық мәслихаттың "Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін білім беру, мәдениет және әлеуметтік қамсыздандыру мамандарына үстем ақы белгіленуі туралы" 2008 жылғы 28 наурыздағы № 39 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3-8-51, 2008 жылғы 23 сәуірде "Мәртөк тынысы" газетінің № 18 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1 тармақта "және білім беру" деген сөздер ", білім беру және ветеринария" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы Ә. Әлмұхамбетов
      Аудандық мәслихат хатшысы А. Смағұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады