Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жиырма бес пайызға жоғары айлықақылар мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 82 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 10 қаңтарда № 3488 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 18 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 25.04.2016 № 18 шешімімен (қабылдаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 "Агроөнеркәсіптік кешен мен селолық аумақтардың дамуын мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 4 тармағына сәйкес Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға, сондай-ақ аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылары мен тарифтiк ставкалары белгiленсін.
      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 5.08.2014 № 196 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың
      сессия төрағасы, аудандық
      мәслихат хатшысы Д. Молдашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады