Текелі қаласында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Текелі қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 29 ақпандағы N 46 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Текелі қаласының Әділет басқармасында 2012 жылы 19 наурызда N 2-3-108 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Текелі қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 24 желтоқсандағы N 420 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Текелі қаласы әкімдігінің 2012.12.24 N 420 Қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5) және 5-6)-тармақшаларына сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтамасыз ету үшін, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Меншік құқығына қарамастан, Текелі қаласының ұйымдары мен мекемелерінде, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір процент мөлшерінде квота белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Текелі қаласының әкімі                     Қ. Айтжанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Текелі қаласының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Ерлан Женисбайұлы Әбдалиев
      29 ақпан 2012 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады