Іле ауданының ауылдық елді мекендерінде жұсмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына жиырма бес процент жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 2012 жылғы 18 сәуірдегі N 6-23 шешімі. Алматы облысы Әділет департаменті Іле ауданының Әділет басқармасында 2012 жылы 14 мамырда N 2-10-159 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 2012 жылғы 5 қарашадағы № 11-52 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 05.11.2012 № 11-52 шешімімен (ресми басылымда жарияланғаннан кейін күшіне енгізілсін).
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 4-тармағына сәйкес, Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Іле ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына, қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда, жиырма бес процент жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік қорғау, еңбек, жұмыспен қамту, білім, денсаулық сақтау, мәдениет және тіл мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрайымы

Б. Сүлейменова

Мәслихат хатшысы

Ф. Ыдрышева

КЕЛІСІЛДІ:


Іле ауданының "Экономика


және бюджеттік жоспарлау


бөлімі" мемлекеттік


мекемесінің бастығы

Кәдір Асқар Кәдірұлы


      18 сәуір 2012 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады