Байзақ ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 12-8 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 11 қаңтардағы № 1877 тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Байзақ ауданы мәслихатының 2014 жылғы 18 ақпандағы № 25-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Байзақ ауданы мәслихатының 18.02.2014 № 25-5 шешімімен

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерістер енгізілді - Байзақ аудандық мәслихатының 10.12.2013 № 23-4 (жарияланғаннан кейін он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша:
      «табысы аз отбасыларына (азаматтарға)» деген сөздер «аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға)» деген сөздермен ауыстырылды -  Байзақ аудандық мәслихатының 10.12.2013 № 23-4 (жарияланғаннан кейін он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабының 2 тармағына сәйкес Байзақ аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Байзақ ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы бекітілсін.
      2. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      
      Аудандық мәслихат                          Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       хатшысы
      С. Рәпілбеков                              Н. Үкібаев

Байзақ ауданы мәслихатының
2012 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 12-8 шешімімен бекiтiлген

Байзақ ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Байзақ ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидалары (әрi қарай - Қағида) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97 бабының 2 тармағына сәйкес әзiрленген.
      2. Осы Қағидаларда келесi негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      коммуналдық қызметтер – тұрғын үйде (тұрғын ғимаратта) көрсетілетін және сумен жабдықтауды, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қызметін көрсетуді қамтитын қызметтер;
      қызмет көрсетуші – коммуналдық қызметтерді көрсетумен айналысатын заңды немесе жеке тұлға;
      өтiнiш иесi (жеке тұлға) – жеке өзiнiң немесе отбасының атынан тұрғын үй көмегiн тағайындауға өтiнiш берген тұлға;
      уәкiлеттi орган – «Байзақ ауданы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi.
      3. Тұрғын үй көмегi жергілікті бюджет қаражаты есебінен Байзақ ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға;
      2) тұрғын үйдің меншік иелерінің немесе жалдаушыларының (қосымша жалдаушыларының) отбасыларына (азаматтарына) коммуналдық қызметтерді тұтынуға;
      3) байланыс саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне;
      4) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына ақы төлеуге беріледі.
      Тұрғын үй көмегі өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда қызметтерді жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша көрсетіледі.
      3-1) жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнына;
      3-1. Байзақ ауданында тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу үшін жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша, сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрғын дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге жеткізуші ұсынған шот бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
      4. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      Отбасының шектi ұйғарынды шығындардың үлесi отбасының жиынтық табысының 10 пайыз мөлшерiнде белгiленедi.
      5. Белгіленген нормадан жоғары тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстар төлемін, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну төлемін, тұрғын жайды пайдаланғаны үшін ақы төлеу жалпы негіздерде жүргізіледі.
      Тұрғын үй көмегiн көрсетуге өтiнiш қабылдау ағымдағы тоқсанның iшiнде жүргiзiледi және тоқсанға толығымен тағайындалады.
      6. Жеке меншiгiнде бiреуден артық тұрғын жайы (үйi, пәтерi) бар немесе тұрғын үй-жайларын жалға тапсыратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегi тағайындалмайды.

2. Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң тәртiбi мен мөлшерi

      7. Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн азамат (отбасы) уәкiлеттi органға өтiнiш бередi және «Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысымен бекiтiлген Тұрғын үй көмегiн көрсету ережелерiнде көрсетiлген құжаттарды ұсынады.
      Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн қажеттi құжаттар салыстыру үшiн көшiрме және түпнұсқада ұсынылады, одан кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады.
      8. Тұрғын үй көмегiнiң мөлшерi тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстар төлемiн, коммуналдық қызметтердi және телекоммуникацияның желiсiне қосылған телефонға абоненттiк ақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтыну ақысын, жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысын төлеуге кеткен нақты шығындардың сомасынан аса алмайды.
      9. Тұрғын үй көмегiн алушылар он күн iшiнде қандай да болсын тұрғын үй меншiгi нысандарының, отбасы құрамының, жиынтық табысының өзгергендерi туралы және тұрғын үй көмегi мөлшерiне әсер ететiн басқа да факторлар туралы, сондай-ақ, тұрғын үй көмегiн дұрыс емес есептеген жағдайда уәкiлеттi органға хабарлайды.
      10. Тұрғын үй көмегiнiң заңсыз алынған сомалары алушымен ерiктi түрде, ал бас тартқан жағдайда – сот тәртiбiмен қайтарылуға жатады.
      11. Тұрғын үй көмегiн тағайындау кезiнде келесi өтемақы шараларымен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үй алаңының және коммуналдық қызметтердi тұтынудың нормалары ескерiледi:
      1) өтемақы шараларымен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үй алаңының нормалары:
      жеке басты азаматтар үшiн – 30 шаршы метр, бiрақ нақты алып жатқан алаңынан артық емес;
      екi және одан да көп адамды отбасына – отбасының әр мүшесiне 18 шаршы метр, бiрақ нақты алып жатқан алаңынан артық емес;
      2) электр қуатын тұтыну нормалары (айына):
      бiрден бес адамға дейiнгi отбасына – отбасының әрбiр мүшесiне 50 киловатт;
      бес және одан да көп мүшелi отбасына – 200 киловатт;
      3) газ нормалары (айына):
      газ жылыту пеші бар болғанда -7,88 текше метр (1 шаршы метрге);
      газбен ас дайындау пеші бар болғанда — 22 текше метр (отбасының әрбір мүшесіне);
      Коммуналдық қызмет тұтыну нормалары табиғи монополияларды (монополисттiк қызметтi) реттеу бойынша аумақтық уәкiлеттi орган қолданатын, көрсетiлетiн қызметтерге тарифтердi (бағаларды) бекiткен кездегi коммуналдық қызметтердi босату нормаларына баламалы.

3. Тұрғын үй көмегiн төлеу тәртiбi

      12. Тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстар төлемiн, коммуналдық қызметтердi және телекоммуникацияның желiсiне қосылған телефонға абоненттiк ақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтыну ақысын, жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысын төлеуге шығындарды өтеу өтемақы соммалары уәкiлеттi органмен екiншi деңгейдегi банктер арқылы, алушылардың өтiнiштерi бойынша тиiстi қызмет көрсетушiлердiң есеп шотына, ал телефон үшiн абоненттiк ақы тарифтерiнiң арттырылу өтемақысын абоненттердiң жеке есеп шотына аударылуы мүмкiн.

4. Қорытынды ережелер

      13. Осы Қағидалармен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады