2012 жылы Мойынқұм ауданының аумағында тұратын 1995 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесiнде тiркеудi жүргiзудi ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы N 1 шешімі. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 24 ақпанда 6-7-77 нөмірімен тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімінің 2015 жылғы 19 қарашадағы №5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімінің 19.11.2015 №5 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабы 1 тармағының 13) тармақшасы негiзiнде, "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңының 17-бабы 3 тармағына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 36-бабына және "Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы Eреженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 Қаулысына сәйкес ШЕШIМ ЕТТІ:
      1. "Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы Ғ.Даминовқа (келiсiм бойынша) шақыру учаскесiнде 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында Мойынқұм ауданының аумағында тұратын 1995 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды әскери есепке қою үшiн тiркеу жүргiзу ұсынылсын.
      2. Ауылдық, кенттік округ әкiмдерi "Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне тiркеуге шақырылғаны туралы хабардар етiп, тіркеу жүргізу учаскесіне 1995 жылғы жасөспірімдерді тіркеуге келуін қамтамасыз етсін.
      3. "Мойынқұм ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм беру, дене шынықтыру және спорт бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi "Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiмен келiсiлген кесте бойынша ауданның бiлiм беру мекемелерiнде оқитын 1995 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесiне уақытылы және ұйымшылдықпен жiберудi қамтамасыз етсiн.
      4. "Жамбыл облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы Мойынқұм орталық аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының бас дәрiгерi Г.Кемелқұловаға (келiсiм бойынша) шақыру учаскелерiне тiркелу кезiнде әскери қызметке жарамдылық деңгейiн анықтау үшiн "Әскери-дәрiгерлiк сараптаманы жүргiзу қағидасын және Әскери-дәрiгерлiк сараптама органдары туралы ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 30 қаңтардағы № 44 Қаулысында айқындалған тәртiппен азаматтарды медициналық куәландырудан өткiзу ұсынылсын.
      5. "Жамбыл облысының Iшкi iстер Департаментi Мойынқұм ауданының iшкi iстер бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы Ж.Орынбековке (келiсiм бойынша) әскери мiндеттерiн орындаудан жалтарған адамдарды iздестiрудi және ұстауды өз құзыретi шегiнде жүзеге асыру ұсынылсын.
      6. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау аудан әкiмiнің орынбасары Б.Есеевке жүктелсiн.
      7. Осы шешім әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Аудан әкiмi С. Арубаев

       "КЕЛIСIЛДI"
      "Жамбыл облысының Iшкi iстер
      Департаментi Мойынқұм ауданының iшкi
      iстер бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң
      бастығы
      Ж. Орынбеков
      3 ақпан 2012 жыл
      "Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының
      Қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi"
      мемлекеттiк мекемесiнiң
      бастығы
      Ғ. Даминов
      3 ақпан 2012 жыл
      "Жамбыл облысы әкiмдiгiнiң денсаулық
      сақтау басқармасы Мойынқұм орталық
      аудандық ауруханасы" коммуналдық
      мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының
      бас дәрiгерi
      Г. Кемелқұлова
      3 ақпан 2012 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады