Мойынқұм ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы мәслихатының 2012 жылғы 23 шілдедегі № 6-8 шешімі. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 16 тамызда 6-7-85 нөмірімен тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық мәслихатының 2020 жылғы 26 мамырдағы № 59-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық мәслихатының 26.05.2020 № 59-5 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97-бабының 2 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШIМ ЕТТI:

      1. Қоса берiлiп отырған Мойынқұм ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидасы бекiтiлсiн.

      2. "Мойынқұм ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Ережеciн бекiту туралы" Мойынқұм аудандық мәслихатының 2012 жылғы 16 сәуіріндегі № 3-9 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-7-82 болып тіркелген, 2012 жылғы 15 және 22 мамырында № 43, 45 аудандық "Мойынқұм таңы" газетіне жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың ауданның әлеуметтік дамуы, білім, мәдениет, тілдерді дамыту, халықтын денсауылығын сақтау, адам қүқықтарын қорғау, халықтын аз қамтамасыз етілген бөлігін, мүгедектерді қорғау, жастар, отбасы және әйелдер ісі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Асатова Галия Уашқызына жүктелсін.

      4. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудандық мәслихаттың Аудандық
      сессиясының төрағасы мәслихаттың хатшысы
      М.Сейдалиев Ш. Исабеков

  Мойынқұм ауданы мәслихатының
2012 жылғы 23 шілдедегі
№ 6-8 шешімімен бекiтiлген

Мойынқұм ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мойынқұм ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидасы (әрi қарай - Қағида) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97-бабына, "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысына (әрi қарай - Қазақстан Республикасы Үкiметiмен бекiтiлген Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесi) сәйкес әзiрленген.

      2. Осы Қағидада келесi негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      өтiнiш иесi (жеке тұлға) - жеке өзiнiң немесе отбасының атынан тұрғын үй көмегiн тағайындауға өтiнiш берген адам;

      уәкiлеттi орган – "Мойынқұм ауданы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi.

      3. Тұрғын үй көмегi бюджетте көзделген сома шегінде Мойынқұм ауданында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға) беріледі.

      Тұрғын үй көмегі өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы қызметтерді жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша көрсетіледі.

      4. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстар төлеміне, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасынығ осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      Отбасының шектi ұйғарынды шығындардың үлесi отбасының жиынтық табысының 5 пайыз мөлшерiнде белгiленедi.

      5. Жеке меншiгiнде бiреуден артық тұрғын жайы (үйi, пәтерi) бар немесе тұрғын үй-жайларын жалға тапсыратын табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегi тағайындалмайды.

      Мүгедектердi, магистратураны қоса алғанда, күндiзгi оқыту нысанында оқитын оқушылар мен студенттердi, тыңдаушылар мен курсанттарды, сондай-ақ I және II топтағы мүгедектердi, он алты жасқа дейiнгi бала кезiнен мүгедек-балаларды, сексен жастан асқан адамдарды, үш жасқа дейiнгi балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдарда тiркелмеген, еңбек iстеуге қабiлетi болса да жұмыс iстемейтiн адамдары бар табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегi тағайындалмайды.

2. Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң тәртiбi мен мөлшерi

      6. Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн азамат (отбасы) уәкiлеттi органға өтiнiш бередi және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тұрғын үй көмегiн көрсетудiң қағидасында көрсетiлген құжаттарды ұсынады.

      7. Тұрғын үй көмегiнiң мөлшерi тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған шығыстар төлемін, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникацияның қалалық желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну ақысын, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысын төлеуге кеткен нақты шығындардың сомасынан аса алмайды.

      8. Тұрғын үй көмегiн алушылар он күн iшiнде қандай да болсын тұрғын үй меншiгi нысандарының, отбасы құрамының, жиынтық табысының өзгергендерi туралы және тұрғын үй көмегi мөлшерiне әсер ететiн басқа да факторлар туралы, сондай-ақ, тұрғын үй көмегiн дұрыс емес есептеген жағдайда уәкiлеттi органға хабарлайды.

      9. Тұрғын үй көмегiнен заңсыз алынған сомалар алушымен ерiктi түрде, ал бас тартқан жағдайда – сот тәртiбiмен қайтарылуға жатады.

      10. Тұрғын үй көмегiн тағайындау кезiнде келесi өтемақы шараларымен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үй алаңының және коммуналдық қызметтердi тұтынудың нормалары ескерiледi:

      1) өтемақы шараларымен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үй алаңының нормалары:

      жеке басты азаматтар үшiн – 30 шаршы метр, бiрақ бiр бөлмелi пәтердiң мөлшерiнен аз емес және нақты алып жатқан алаңынан артық емес;

      екi және одан да көп адамнан тұратын – отбасының әр мүшесiне 18 шаршы метр, бiрақ нақты алып жатқан алаңынан артық емес;

      2) электр қуатын тұтыну нормалары (бiр айда):

      бiрден бес адамға дейiнгi отбасына – отбасының әрбiр мүшесiне 80 киловатт;

      бес және одан да көп мүшелi отбасына – 400 киловатт;

      3) газ нормалары (бiр айда):

      газ жылыту пеші бар болғанда -7,88 текше метр (1 шаршы меирге);

      газбен ас дайындау пеші бар болғанда — 22 текше метр (отбасының әрбір мүшесіне);

      сұйытылған газ бар болғанда – 8,2 килограмм (отбасының әрбір мүшесіне);

      4) қатты отын нормаслары (жылыту мерзімінде) - 75,75 килограмм 1 шаршы метірге.

      11. Коммуналдық қызмет тұтыну нормалары табиғи монополияларды (монополистiк қызметтi) реттеу бойынша аумақтық уәкiлеттi орган қолданатын, көрсетiлетiн қызметтерге тарифтердi (бағаларды) бекiткен кездегi коммуналдық қызметтердi босату нормаларына баламды.

3. Тұрғын үй көмегiн төлеу тәртiбi

      12. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырады.

4. Қорытынды ережелер

      13. Осы Қағидамен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады