2012 жылдың сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанында Т.Рысқұлов ауданы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 18 мамырдағы № 197 қаулысы. Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 07 маусымда 6-8-138 нөмірімен тіркелді

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 27 - бабына, «Әскери қызметтiң белгiленген мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзiмдi әскери қызметке кезектi шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығына және "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 Қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әскерге шақыруды кейiнге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ он сегiз жастан жиырма жетi жасқа дейiнгi ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жетi жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгiленген мерзiмдерiн өткермеген азаматтарды 2012 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізілсін.
      2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу үшін келесі құрамда аудандық шақыру комиссиясы құрылсын:
      Қарсыбаев Ахтан          - Т.Рысқұлов ауданы әкімінің
      Ахатұлы                    орынбасары, комиссия төрағасы;
      Ердосов Күмісбек         - «Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы
      Жарылқасынұлы              қорғаныс стері жөніндегі бөлімі»
                                 мемлекеттік мекемесінің бастығы,
                                 комиссия төрағасының орынбасары
                                 (келісім бойынша).
      Комиссия мүшелері:
      Сегізбаев Болат          - «Жамбыл облысы Ішкі істер
      Тұрмаханұлы                департаментінің Т.Рысқұлов аудандық
                                 ішкі істер бөлімі» мемлекеттік
                                 мекемесі бастығының орынбасары,
                                 (келісім бойынша).
      Күрішбекова Бақтыгүл     - «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық
      Мырзағалиқызы              сақтау басқармасы, Т.Рысқұлов
                                 аудандық орталық ауруханасы»
                                 коммуналдық мемлекеттік қазыналық
                                 кәсіпорнының бас дәрігерінің
                                 орынбасары, дәрігерлік комиссияның
                                 төрайымы, (келісім бойынша).
      Сүйінбаева Айнагүл       - «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық
      Орынтайқызы                сақтау басқармасы, Т.Рысқұлов
                                 аудандық орталық ауруханасы»
                                 коммуналдық мемлекеттік қазыналық
                                 кәсіпорнының медбикесі, комиссия
                                 хатшысы, (келісім бойынша).
      3. «Жамбыл облысының Ішкі істер департаменті Т.Рысқұлов ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) өздерінің құзыреті шегінде әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды жеткізуді қамтамасыз ету ұсынылсын.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 1 сәуірінен туындайтын қатынастарға таралады.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қарсыбаевқа жүктелсін.
 
      Аудан әкімі                                А.Нұралиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады