Шу ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидасын бекiту туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 31 шілдедегі N 8-4 шешімі. Жамбыл облысы Шу ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 22 тамызда № 6-11-130 тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 25-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 31.03.2014 № 25-4 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерістер енгізілді - Шу аудандық мәслихатының 12.11.2013 № 22-6 (жарияланғаннан кейін он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша:
      «табысы аз отбасыларына (азаматтарға) деген сөздер «аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға)» деген сөздермен ауыстырылды - Шу  аудандық мәслихатының 12.11.2013 № 22-6 (жарияланғаннан кейін он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97-бабының 2 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Шу ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы бекітілсін.
      2.«Шу ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Ережелерін бекiту туралы» Шу аудандық мәслихатының 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 29-4 шешімінің (нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6-11-104 болып тіркелген, 2011 жылы 29 қаңтардағы № 9 «Шу өңірі» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуы аудандық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени саланы, денсаулық сақтау, білім, қоғамдық және жастар ұйымдарымен байланысты дамыту, аймақты, энергетика, байланыс, әкімшілік-аумақтық құрылымды дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясына (А.Молдашева) жүктелсін.
      4. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      
      Сессия төрағасы                            Мәслихат хатшысы
      С. Қалықов                                 Б. Саудабаев

Шу аудандық мәслихаттың
2012 жылғы 31 шілдедегі
№ 8-3 шешімімен бекітілген

Шу ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Шу ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидасы (әрi қарай - Қағида) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97-бабына, «Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысына (әрі қарай - Қазақстан Республикасы Үкiметiмен бекітілген тұрғын үй көмегiн көрсету ережесi) сәйкес әзiрленген.
      2. Осы Ережеде келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      өтініш иесі (жеке тұлға) – жеке өзінің немесе отбасының атынан тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген адам;
      уәкілетті орган – «Шу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      3. Тұрғын үй көмегі бюджетте көзделген сома шегінде Шу ауданыңда тұрақты аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) беріледі.
      Тұрғын үй көмегі өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы қызметтерді жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша көрсетіледі.
      «3-1. Шу ауданында тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу үшін жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша, сондай-ақ жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдiк сыныбы 2,5 электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң орнына орнатылатын тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуіштің құнын төлеуге жеткізуші ұсынған шот бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.»;
      Ескерту. 3 тармаққа өзгерістер енгізілді - Шу аудандық мәслихатының 28.03.2013 № 13-4 (алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
      4. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстар төлеміне, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      Отбасының шекті ұйғарымды шығындардың үлесі отбасының жиынтық табысының 5 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
      5. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын жайы (үйі, пәтері) бар немесе тұрғын үй-жайларын жалға тапсыратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
      Мүгедектерді, магистратураны қоса алғанда, күндізгі оқыту нысанында оқитын оқушылар мен студенттерді, тындаушылар мен курсанттарды, сондай-ақ I және II топтағы мүгедектерді, он алты жасқа дейінгі бала кезінен мүгедек-балаларды, сексен жастан асқан адамдарды, жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарға тіркелмеген, еңбек істеуге қабілеті болса да істемейтін адамдары бар аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.

2. Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшері.

      6. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) уәкілетті органға өтініш береді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тұрғын үй көмегін көрсетудің ережелерінде көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      7. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған шығыстар төлемін, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникацияның қалалық желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну ақысын, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеуге кеткен нақты шығындардың сомасынан асырыла алмайды.
      8. Тұрғын үй көмегін алушы он күн ішінде қандай да болсын тұрғын үй меншігі нысандарының, отбасы құрамының, жиынтық табысының өзгергендері туралы, сондай-ақ, тұрғын үй көмегін дұрыс емес есептеген жағдайда, уәкілетті орғанға хабарлайды.
      9. Тұрғын үй көмегінен заңсыз алынған сомалар алушымен ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда – сот тәртібімен қайтарылуға жатады.
      10. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде келесі өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының және коммуналдық қызметтерді тұтынудың нормалары ескеріледі.
      1) өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормалары:
      жеке басты азаматтар үшін - 30 шаршы метр, бірақ бір бөлмелі пәтердің мөлшерінен аз емес және нақты тұрып жатқан алаңынан артық емес;
      екі және одан да көп адамнан тұратын отбасының әр мүшесіне 18 шаршы метр, бірақ нақты алып жатқан алаңынан артық емес;
      2) электр куатын тұтыну нормалары (бір айда):
      бірден бес адамға дейінгі отбасына - отбасының әр мүшесіне 80 киловатт;
      бес және одан да көп мүшелі отбасына 400 киловатт;
      3) газ нормалары (бір айда):
      газ жылыту пеші бар болғанда - 7,88 текше метр (1 шаршы метрге);
      газбен ас дайындау пеші бар болғанда – 22 текше метр (отбасының әрбір мүшесіне);
      сұйытылған газ бар болғанда – 8,2 килограмм (отбасының әрбір мүшесіне)
      4) алып тасталды - Шу аудандық мәслихатының 28.03.2013 № 13-4 шешімімен.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерістер енгізілді - Шу аудандық мәслихатының 28.03.2013 № 13-4 (алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен
      11. Коммуналдық қызмет тұтыну нормалары табиғы монополияларды (монополистік қызметі) реттеу бойынша аумақтық уәкілетті орган қолданатын, көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды) бекіткен кездегі коммуналдық қызметтерді босату нормаларына баламды.

3. Тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі.

      12. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырады, алушылардың жазбаша өтініштері бойынша тиісті қызмет көрсетушілердің (қызмет жабдықтаушылардың ) есеп шотына аударылуы мүмкін.

4. Қорытынды ережелер

      13. Осы Қағидамен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады