Қарағанды облысының агроөнеркәсіптік кешені саласындағы инновациялық жобаларға іріктеу ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 8 тамыздағы N 36/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 7 қыркүйекте N 1926 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 4 наурыздағы N 13/01 қаулысымен

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімдігінің 04.03.2016 N 13/01 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 14 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құзыреттерін қайта қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 5 шілдедегі Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" N 128-ө өкіміне сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген Қарағанды облысының агроөнеркәсіптік кешені саласындағы инновациялық жобаларға іріктеу ұйымдастыру қағидасы бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.Қ. Айтуғановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Облыс әкімі
Ә. Құсайынов

      

  Қарағанды облысы әкімдігінің
2012 жылғы 8 тамыздағы
N 36/01 қаулысымен
бекітілген

Қарағанды облысының агроөнеркәсіптік кешені саласындағы
инновациялық жобаларға іріктеу ұйымдастыру қағидасы
1 тарау. Жалпы ереже

      1. Осы Қарағанды облысының агроөнеркәсіптік кешені саласындағы инновациялық жобаларға іріктеу ұйымдастыру қағидасы (ары қарай – Қағида) жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қарағанды облысының агроөнеркәсіптік кешені саласындағы инновациялық жобаларды енгізу мен тарату үшін іріктеуді ұйымдастыру мен қоса Қарағанды облысының агроөнеркәсіптік кешені саласындағы инновациялық жобаны енгізу және тарату бойынша қабылданған іс-шаралар туралы есептерді ұсыну тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидада келесідей негізгі түсініктер пайдаланылады:
      1) агроөнеркәсіп кешені субъектілері – Қарағанды облысының агроөнеркәсіп кешені (әрі қарай – АӨК) қызметті іске асыратын жеке және заңды тұлғалар;
      2) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі – Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамаларымен Қарағанды облысының АӨК инновациялық тәжірибені әзірлеу, тарату және енгізу бойынша бюджеттік бағдарламаны басқару қызметі жүктелген АӨК саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органның уәкілетті органы;
      3) ғылыми ұйымдар (әрі қарай – ҒҰ) – негізгі қызметі АӨК ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет жүргізу болып табылатын ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік аккредитациясы бар заңды тұлғалар;
      4) инновациялық жобаны іске асыру бойынша іс-шара – жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қарағанды облысының АӨК инновациялық жобаларды енгізу бойынша іс-шаралар кешені;
      5) өтінім – АӨК саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органның уәкілетті органына осы Қағиданың қосымшаларына сәйкес ұсынылатын белгіленген нысандағы құжаттар жинағы;
      6) өтініш беруші (лер) – Қарағанды облысының АӨК инновациялық жобаларды енгізу және тарату үшін, оларды жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру үшін іске асыру іс-шараларымен өтінім беретін Қазақстан Республикасының аумағындағы ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің АӨК субъектісі.

2 тарау. Инновациялық жобаларды іріктеу тәртібі және шарты
Параграф 1. Инновациялық жобаларды іріктеу тәртібі

      3. Қарағанды облысының АӨК саласындағы инновациялық жобаларға іріктеу (бұдан әрі – инновациялық жобаларды іріктеу) конкурстық негізде өтініш берушіден өтінімді қабылдағаннан кейін бюджеттік бағдарламаның әкімшісімен жүргізіледі (осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес).
      4. Өтінішке келесі құжаттар қоса тіркелу қажет:
      1)осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес инновациялық жобаны (ларды) іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары;
      2) осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына жазбаша түсініктеме;
      3) осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес инновациялық жобаны (ларды) іске асыру бойынша іс-шаралар шығынының сметасы;
      4) заңды тұлғалар үшін:
      жарғының және мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      соңғы екі жылғы қаржылық есептің көшірмесі;
      Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес төлеу мерзімі ұзартылған жағдайдан басқа, үш айдан астам салық берешегінің және жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешектің жоқтығы немесе болуы туралы, бірінші басшының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы және салық органының мөрі қойылған салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;
      өтініш берушінің банктің (банктердің) алдындағы өтініш берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы бірінші басшының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның қолы және банктің (банктердің) мөрі қойылған банктің (банктердің), (шағын несие ұйымның (ұйымдардың), несие серіктестіктің (тердің), даму институтының (тарының)) анықтамасының түпнұсқасы (егер өтініш беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады);
      өтініш берушінің аграрлық салада ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жұмыстарды орындауға біліктілігін растайтын лицензиялардың, патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың және басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      5) жеке тұлғалар үшін:
      жеке куәліктің, әлеуметтік жеке кодты алу туралы куәліктің, Қазақстан Республикасының салық төлеуші куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      салық төлеушінің салықтық қарызының жоқтығы немесе бар болуы туралы салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;
      өтініш берушінің аграрлық салада ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жұмыстарды орындауға біліктілігін растайтын лицензиялардың, патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың және басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмесі.
      5. Конкурсқа қатысу үшін өтініш берушілермен құжаттар хабарландыру шыққаннан кейін 20 күнтізбелік күннен кешіктірмей ұсынылады.
      6. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі конкурс өткізгенге дейін 20 күнтізбелік күннен кешіктермей Қазақстан Республикасының барлық аумақтарына таралатын ресми бұқаралық ақпарат құралдарында және ресми сайтта тиісті хабарландыру жариялайды.
      7. Инновациялық жобаларды іріктеу процедурасы 4 кезең бойынша жүзеге асырылады:
      бірінші кезең: өтінімдердің толықтығын және олардың ресімделу сапасын, осы Қағиданың талаптарына сәйкестігін бюджеттік бағдарламаның әкімшісімен қарау өтініш берушімен (лермен) анықталған сәйкессіздіктерді жою немесе өтінімді қайтару;
      екінші кезең: өтінімдер бойынша инновациялық жобалардың іріктеу талаптарына сәйкестігі негізінде жойылған ескертулерді ескере отырып, егер ондайлар бірінші кезең барысында жіберілген болса бюджеттік бағдарламаның әкімшісімен кешенді қорытынды дайындау;
      үшінші кезең: жергілікті атқарушы органның мүдделі мемлекеттік органдарының, ғылымның, бизнестің және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдерінен құралған Инновациялық жобаларды іріктеу жөніндегі құрамы мен ережесі бюджеттік бағдарламаның әкімшісімен бекітілген комиссиямен (бұдан әрі - Комиссия) өтінімдер мен кешендік қорытындыларды қарау;
      төртінші кезең: бюджеттік бағдарламаның әкімшісімен инновациялық жобаны қаржыландыру туралы шешімді қабылдау немесе Комиссияның теріс қорытындысы негізінде қаржыландырудан бас тарту.
      8. Инновациялық жобаларды енгізу және тарату үшін жергілікті бюджеттен қаржыландыру алуға конкурсқа қатысуға өтініш беруші (лер) мен ұсынылған материалдар бірдей папкаға жинақталуы қажет, беттер нөмірленіп, осы Қағиданың талаптарына және қосымшаларына сәйкес ресімделуі керек.
      9. Өтініш беруші тапсырған құжаттардың, алғашқы мәліметтердің, есептердің, негіздемелердің толық, әрі дұрыс болуын қамтамасыз етеді. Өтініш берушімен мәліметтерді толық емес немесе дұрыс емес беру өтінімді қайтару үшін негіз болып табылады.
      10. Конкурсқа қатысуға өтінімді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бюджеттік бағдарламаның әкімшісімен 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде өтінімдерді осы Қағиданың талаптарына сәйкестігіне қарай іріктеу жүргізіледі.
      11. Тапсырылған құжаттар осы Қағида талаптарына сәйкес болмаған жағдайда, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі өтініш берушіні (лерді) құжаттарды қабылдау күнінен бастап санағанда 10 (он) күнтізбелік күн ішінде хабардар етеді. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ескерту жіберген күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде өтініш берушімен анықталған сәйкессіздікті жою жүргізіледі, болмаған жағдайда өтінім қайтарылады. Жөнделген өтінімдер анықталған сәйкессіздік жойылған күннен бастап бюджеттік бағдарламаның әкімшісімен 10 (он) күнтізбелік күн ішінде қаралады.
      Өтінім қабылданбаған жағдайда тапсырылған құжаттар өтініш берушіге қайтарылады.
      12. Осы Қағиданың талаптарына сәйкес келген, инновациялық жобаларды іріктеу рәсімінің бірінші кезеңінен өткен өтінімдер бойынша бюджеттік бағдарламаның әкімшісімен олардың инновациялық жобаларды іріктеу талаптарына сәйкес келуі негізінде өтінімдер бойынша кешендік қорытынды дайындалады.
      13. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі инновациялық жобалар (дың) өтінімдері бойынша кешендік қорытындыны инновациялық жобаға (ларға) қойылатын келесідей іріктеу талаптары негізінде шығарады:
      өтініш берушінің (лердің) материалдарының осы Қағиданың талаптарына сәйкестігі;
      жобаның инновациялық бағыттылығы, техникалық іске асырылуы, оның осы аймақтың АӨК аумағында енгізуге және таратуға дайын болу деңгейі;
      Қазақстан Республикасының және аймақтың АӨК дамытудың басым бағыттарына сәйкестігі;
      инновациялық жобаның қаражатын игерудің жете тұжырымдалған көрінісінің және АӨК инновациялық жобалардың болашағының бар болуы;
      инновациялық жобаларды іске асыруға қажетті жабдықтардың, инфрақұрылым мен қорлардың бар болуы;
      инновациялық жобаның экономикалық тиімділігі.
      14. Өтінімдер мен бюджеттік бағдарлама әкімшісінің кешендік қорытындысы Комиссиямен осы Қағидаға сәйкес қаралады.
      15. Өтінімдер мен бюджеттік бағдарлама әкімшісінің кешенді қорытындысы (әрі қарай – материалдар) бюджеттік бағдарлама әкімшісінен инновациялық жобаларды іріктеу конкурсына өтінімдер бойынша кешенді қорытынды алған сәттен бастап Комиссиямен 20 (жиырма) күнтізбелік күн ішінде қаралады.
      16. Комиссия, материалдарды қарау қорытындысы бойынша, Қазақстан Республикасының заңнамаларымен айқындалған бюджеттік бағдарламалар шеңберінде инновациялық жобаны жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру немесе қаржыландырудан бас тарту туралы ұсыныс шығарады. Комиссия ұсынысы хаттамамен рәсімделеді және Комиссия мүшелерінің барлық қатысушыларымен қол қойылады.
      17. Инвестициялық жобаны қаржыландыру немесе қаржыландырмау туралы Комиссия ұсынысы ашық дауыспен қабылданады және Комиссия мүшелерінің отырысына қатысқандардың жалпы санының көпшілігі дауыс бергенде қабылданған болып есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда конкурс комиссиясының төрағасы дауыс берген шешімі қабылданған болып табылады. Егерде Комиссия ұсынысымен келіспеген жағдайда осы комиссияның кез-келген мүшесі өз пікірін жазбаша түрде білдіре алады, ол хаттамаға тіркелуі керек.
      18. Бюджеттік бағдарлама әкімшісімен Комиссияның ұсынысы негізінде хаттамаға қол қойылған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасының заңнамаларымен айқындалған бюджеттік бағдарламалар шеңберінде инновациялық жобаны жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру немесе қаржыландырудан бас тарту туралы шешім заңнамамен белгіленген тәртіпте қабылданады.
      19. Бюджеттік бағдарлама әкімшісімен инновациялық жобаны қаржыландыру туралы шешім қабылданған күннен бастап 7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде онымен және конкурс қорытындысы бойынша айқындалған өтініш берушінің (лердің) арасында осы Қағиданың 5-қосымшасындағы инновациялық жоба туралы типтік келісім-шартқа сәйкес инновациялық жоба туралы келісім-шарт жасалады.

Параграф 2. Инновациялық жобаларды іріктеу шарты

      20. АӨК аймақтық инновациялық жобаны іске асыру бойынша іс-шараларға жергілікті бюджеттен қаржы:
      АӨК саласында – аймақтың жағдайына қолданылатын ғылыми жетістіктерді (әзірлемелерді) енгізуге;
      АӨК субъектілерінде аймақтың табиғи-климаттық, әлеуметтік-экономикалық және басқа да жағдайларына қолданылатын инновациялық агротехнологияларды енгізуге және өрістетуге беріледі.
      21. Аймақтың АӨК саласында қолданбалы сипаттағы ғылыми жетістіктерді (әзірлемелерді) қолданысқа енгізуге және таратуға келесідей жұмыстың түрлері жатады:
      ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің технологиялық үдерістерін енгізу және тарату;
      аймақтың АӨК инженерлік объектінің немесе техникалық жүйенің құрылысын енгізу және тираждау (құрылыс жұмыстары);
      ветеринария саласында ғылыми зерттемелерді тарату және енгізу;
      ғылыми және инновациялық технологияның тәжірибелі үлгілерін (ашылған жаңалықтың ерекшелігін игерген оригиналды моделдерін) енгізу және тарату;
      селекциялық жетістіктерді енгізу және тарату.
      22. АӨК аймақтық инновациялық жобаларды іске асыру бойынша іс-шараларға, аймақтың АӨК саласында қолданбалы сипаттағы ғылыми жетістіктерді (әзірлемелерді) қолданысқа енгізуге және (немесе) АӨК субъектілерінде инновациялық агротехнологияларды енгізуге және таратуға жергілікті бюджеттен қаржыландыру бюджеттік бағдарлама әкімшісі шешімінің негізінде жүргізіледі.
      23. АӨК аймақтық инновациялық жобаның іс-шараларын орындауға жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатты өтініш берушімен (лермен) игерудің нәтижесі:
      аймақтық АӨК субъектілерінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің жетілдірілген технологиялық үдерісін ұйымдастыру;
      аймақтық АӨК субъектілерінде қолданбалы сипаттағы ғылыми әзірлемелерді енгізу және тарату туралы есебі;
      аймақтық АӨК субъектілерінде селекциялық жетістіктерді енгізу және тарату туралы есебі;
      аймақтық АӨК субъектілерінде ауыл шаруашылығы өндірісіне ұсынылған тәжірибелі үлгілерді енгізгендігі туралы есебі;
      аймақтық АӨК субъектілерінде ауыл шаруашылығы өнімдерін немесе құралдарын ұсынылған технологиялық (құрылыстық) құжаттамаларды бергендігі туралы есеп;
      АӨК субъектілерінде өңірлік инновациялық технологияларды, инновациялық жаңалықтар мен ғылыми әзірлемелерді енгізу және тарату бойынша аймақтық кеңес (семинарлар, егіс күні) өткізгендігі туралы есеп.
      24. Аймақтық АӨК субъектілірінде инновациялық жобаларды енгізу мен тарату нәтижесін бағалауға:
      өтініш берушінің еңбек өнімділігі мен өндірістік тиімділігін және ауданның (облыстың) экономикасын жақсартуға ықпалын тигізетін бағалаумен нақты, әрі анық нәтижені көрсететін инновациялық жобаларды енгізу мен тарату нәтижесіндегі саны мен сапа көрсеткіштері;
      бұрыннан қолданыста болған технологиялармен салыстырғанда инновациялық жобаны енгізу бойынша іс-шараларды іске асырудың АӨК субъектілері мен аймақтық ауыл шаруашылығы өндірісі үшін экономикалық тиімділігі;
      АӨК дамытуда өңірлік инновациялық жобаны енгізу нәтижелерін, аграрлық нарықтағы жағдайды ескере отырып экономикалық бағалау;
      енгізуде технологиялық қауіп-қатерді азайту, АӨК нақты субъектілері жағдайында енгізу үдерісін ғалымдармен жеке сүйемелдеу арқылы жобаның іс-шараларын тиімді іске асырудан максималды табыс алу кіреді.
      25. АӨК аймақтық инновациялық жобаны енгізу және тарату бойынша іс-шараларға:
      өндіріске ғылыми зерттеу және конструкторлық сынақтар нәтижелерін енгізуді ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу бойынша консультациялық қызметтер, оның ішінде ғылыми шығыс материалдарын сатып алу;
      лабораториялық сараптама жүргізу, оның ішінде енгізу нәтижелері бойынша;
      АӨК субъектілерінің өндірістік базасында немесе ғылыми, тәжірибелі және басқа да аграрлық саладағы ұйымдарда инновациялық жобаны енгізу бойынша ғылыми-тәжірибелі семинар-кеңестер (егіс күні) өткізу;
      тәжірибені ғылыми зерттеу және конструкторлық сынақтар нәтижесін тарату (презентация, мақала жариялау, кітапшалар, буклеттер дайындау және басып шығару, бейне материалдар дайындау) жатады.
      26. Басқа тең жағдайда аймақтың АӨК инновациялық жобаны іске асыру бойынша іс-шараларға жергілікті бюджеттен қаржыландыру аккредитациядан өткен, аграрлық сектордың ғылыми-техникалық, инновациялық саласында қызметкерлердің жұмыстар орындауға біліктілігін растайтын лицензияның, патенттің, куәліктің, сертификат, диплом мен басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері бар ғылыми ұйымдарға АӨК субъектілерінде аграрлық салада тиісті аймақтың табиғи-климаттық, әлеуметтік-экономикалық және басқа да жағдайларында қолданылатын қолданбалы сипаттағы ғылыми жетістіктерді (әзірленулерді), инновациялық агротехнологияларды бұдан әрі енгізу және тарату мақсатында беріледі.
      27. АӨК субьектілерінде аграрлық саладағы ғылыми жетістіктерді (әзірленулерді), инновациялық агротехнологияларды енгізу және тарату бойынша инновациялық жоба (ның) лардың іс-шараларына жергілікті бюджеттен қаржыландыру сомасы мен игеру мерзімі нақты инновациялық жобаның ерекшеліктеріне сәйкес анықталады, алайда:
      мерзімі бойынша – 24 (жиырма төрт) айдан;
      сомасы бойынша – 20 (жиырма) миллион теңгеден аспауы қажет.
      28. Аграрлық салада инновациялық технологияны енгізу мен тарату қаралған инновациялық жоба бойынша іс-шараларға жеткілікті бюджеттен қаржыландыру инновациялық жоба туралы келісім-шартпен айқындалған мерзімде бюджеттік бағдарлама әкімшісіне сол технологияны енгізу бойынша қабылданған шаралар туралы кезеңдік есептеме бере отырып, аймақтың АӨК субъектілері кәсіпорындарында инновациялық технологияны міндетті түрде енгізетін жағдайда беріледі.
      29. Аграрлық салада инновациялық технологияны енгізу мен тарату қаралған инновациялық жоба бойынша іс-шараларды жергілікті бюджеттен қаржыландыру сол аймақтың АӨК субъектілеріне беріледі.
      30. Аграрлық салада инновациялық технологияны енгізу мен таратуға инновациялық жоба бойынша іс-шараларды жергілікті бюджеттен қаржыландырудың негізі оларды қолдану үшін қажеттіліктің бар болуы және таңдап алынған инновациялық технологияның артықшылығы болып табылады.

  Қарағанды облысының
агроөнеркәсіптік кешені саласындағы
инновациялық жобаларға іріктеу
ұйымдастыру қағидасына
1 қосымша

Өтінім формасы

1.
Тіркеу нөмірі мен күні (бюджеттік бағдарлама әкімшісінің қызметкерімен толтырылады)
 
2.
Инновациялық жобаның атауы
 
3.
Қарағанды облысының АӨК инновациялық тәжірибені енгізу және тарату саласы (ішкі саласы)
 
4.
Инновациялық жобаларды жүзеге асыру бойынша іс-шаралардың қысқаша сипаттамасы (жобаның негізгі мақсатымен мәнін көрсету, жобаның нәтижелерінің нақты қолданылуы, ұқсас жобаларды жүзеге асыруға қатысу тәжірибесі)
 
5.
Жобаның ұзақтылығы (аймен)
 
6.
Жобаның басталған және аяқталған күндері
 
7.
Сұралатын қаражат мөлшері (теңгемен) (мың теңге)
 
8.
Өтініш берушінің атауы, мекен жайы, тел/факс, электрондық адресі
 
9.
Өтініш берушілермен байланыстағы тұлғаның Т.А.Ә., мекен жайы, телефоны, электрондық поштасы
 
10.
Инновациялық жобаның жетекшісі (ҒҰ қызметкері) (аты, тегі және лауазымы, телефоны/факс, электрондық поштасы көрсетіледі)
 
11.
Инновациялық жобаны жүзеге асыру бойынша іс-шараларға қатысатын АӨК субъектісінің атауы, мекен жайы, тел/факс, электрондық поштасы
 

  Қарағанды облысының
агроөнеркәсіптік кешені саласындағы
инновациялық жобаларға іріктеу
ұйымдастыру қағидасына
2 қосымша

Инновациялық жобаны (ларды) іске асыру
бойынша іс-шаралар жоспары

      (атауын көрсету)

Жұмыс түрлері
Күтетін нәтижелер (1 жыл)
1 тоқсан
2 тоқсан
3 тоқсан
4 тоқсан
1.
 
 
 
 
2.
 
 
 
 

      

Жұмыс түрлері
Күтетін нәтижелер (2 жыл)
1 тоқсан
2 тоқсан
3 тоқсан
4 тоқсан
1.
 
 
 
 
2.
 
 
 
 

  Қарағанды облысының
агроөнеркәсіптік кешені саласындағы
инновациялық жобаларға іріктеу
ұйымдастыру қағидасына
3 қосымша

Инновациялық жобаны (ларды) іске асыру бойынша
іс-шаралар жоспарына түсіндірме хаты

      1. Инновациялық жобаларды іске асыру бойынша іс-шаралар атауы.
      2. Іс-шаралар өткізілетін мекен жай: аудан, елді мекен.
      3. Инновациялық жобаларды іске асыру бойынша іс шараларының мақсаты және мәселелері.
      4. Негізгі өтінім берушімен (ғылыми зерттеу ұйымынан) инновациялық жобаларды іске асырудағы іс-шараларға қатысушы АӨК субъектілерінің қысқаша сипаттамасы (1 беттен артық емес көлемде):
      толық атауы;
      негізгі өтінім берушімен инновациялық жобаларды іске асыру бойынша іс-шараларға қатысушы АӨК субъектілерінің сипаттамасы;
      бас мамандар, олардың орындайтын жұмыстарының түрлері (олардың біліктілігін дәлелдейтін құжаттар және резюмені қоса тіркей отырып);
      берілген бағдарлама шеңберінде іске асырылатын басқа жобалар туралы ақпарат.
      Егер АӨК субъектісінің атынан жеке тұлға ұсыныс берген жағдайда, оның жасын, білімін, негізгі қызмет түрлерін және жұмыс тәжірибесін көрсету керек.
      5. Инновациялық жобаны (ларды) іске асыру мақсатындағы іс-шараны негіздеу. Іс-шараларды жүргізудің маңыздылығы және қажеттігі, оның аймақтық АӨК технологиялық дамуға, еңбек өнімділік арттыруға тигізетін әсері (0,5 беттен аспауы керек).
      6. Инновациялық жобаларды іске асыру бойынша атқарылатын іс-шаралар шеңберіндегі негізгі жұмыстарды көрсету: қандай жұмыстар жүзеге асырылады, өндіріске қажетті жобаны іске асыру кезіндегі өндірісте жүргізілетін сынақтар мен демонстрация үшін қандай шешімдер мен технологиялар ұсынылады, облыс пен аудан экономикасы мен нақты шаруашылыққа тиімді тәжірибелік маңызын бағалау. Әр жұмыстың мақсатын, мазмұндылығын, ұзақтығын, алынатын нәтижелерді, қажетті расурстар көлемін көрсету керек, сонымен бірге ғылыми әзірлемелерді (технологияларды) Бағдарламаның іс-шарасын іске асыруға қатысатын АӨК субъектісі базасының негізінде қолданысқа енгізу және тарату кезеңінде ғылыми-зерттеу ұйымдары методологиясының қажеттілігін де көрсету керек (2 беттен артық емес көлемде).
      7. Нәтижелілігі: іске асырылатын инновациялық жобалардың сандық және сапалық көрсеткіштері. Еңбек өнімділігін арттыруда нақты әсері, өтініш берушінің ұсыныстарының өндірістік тиімділігі және аудан (облыс) экономикасына ықпалы.
      Инновациялық жобаларды аймақтың АӨК шеңберінде қолданысқа енгізудің бұрынғы технологияларға қарағанда экономикалық тиімділігінің сипаттамасы, іс-шаралардың аймақтық АӨК даму көз қарасынан аграрлық нарықтағы жағдайдан іс-шараның орынды екенін дәлелдеу керек (1 бет көлемінде).
      8. Экологиялық бағалау болжалған технологиялардың аймақтың қоршаған ортасына және табиғи ресурстарына ықпалын бағалауды қамтуы тиіс (оң, бейтарап немесе кері). Кері ықпал болған жағдайда мұндай ықпалды жеңілдету үшін не істелетінін көрсету қажет (0,5 парақтан артық емес).
      9. Тәуекелдіктер: іске асатын инновациялық жобалардың ойдағыдай аяқталуы бойынша негізгі тәуекелдіктер мен осындай тәуекелдіктерден өту шаралары (0,5 беттен артық емес көлемде).
      10. Жобаның өміршеңділігі: іске асатын инновациялық жобаларды қаржыландыру аяқталғаннан кейін АӨК субъектілерінде өндірістің тұрақтылығын қамтамасыз ететін іс-шараларды көрсету қажет (0,5 беттен артық емес көлемде).

  Қарағанды облысының
агроөнеркәсіптік кешені саласындағы
инновациялық жобаларға іріктеу
ұйымдастыру қағидасына
4 қосымша

Инновациялық жобаны (ларды) жүзеге асыру бойынша
іс-шаралардың шығындар сметасы (атауын көрсету)

       мың теңге

N
Шығын статьясы
Өлшем бірлігі
Бағасы
Жалпы құны
оның ішінде ай сайын
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
1.
Жалақы
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1.1.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1.2.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2.
Іс сапар шығыны
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2.1.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2.2.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3.
Тікелей шығындар
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3.1.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3.2.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
4
Жанама шығындар
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Барлығы:
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      
      Ескерту:
      1. Инновациялық жобаларды жүзеге асыру бойынша әр-жылға іс-шаралар жеке-жеке көрсетіледі.
      2. Өтініш берушінің өз қаражатынан және бюджеттік қаражаттардан қаржыландырылатын шығындар жеке көрсетіледі (бар болғанда).

  Қарағанды облысының
агроөнеркәсіптік кешені саласындағы
инновациялық жобаларға іріктеу
ұйымдастыру қағидасына
5 қосымша

Қарағанды облысының АӨК саласында инновациялық
жобаларды енгізу және тарату жөніндегі
үлгі келісім-шарты

       N _____ 20 __ жылғы "___" __________
       Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын _______________________,
      _____________________________________ Ережесі негізінде әрекет ететін
      ____________________ тұлғасында бір тараптан және бұдан әрі Орындаушы
      деп аталатын __________________________________________________ Жарғы
      негізінде әрекет ететін ___________________________________ директоры
      тұлғасында екінші тараптан __________________________________________
      _____________________________________________________________________
       (бюджеттік бағдарлама әкімшісі)
      20 __ жылғы "__" _______ N ____ шешімін және 20 __ жылғы "__" _______
      Комиссия отырысының N ___ шешімін басшылыққа ала отырып, инновациялық
      жобаны енгізу және тарату жөнінде осы Келісім-шарт жасасты және
      төмендегілер туралы келісімге келді:

1. Келісім-шарттың мәні

      1. Тапсырыс беруші тапсырады, ал Орындаушы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңына сәйкес орындалатын 019 "Инновациялық тәжірибені тарату және енгізу жөніндегі іс-шараларды жүргізу" бюджеттік бағдарламасы аясында АӨК саласында өңірлік инновациялық жобаны енгізу және тарату бойынша іс-шараларды жүргізуді өз міндетіне алады.
      Бағдарламасы:
      Бағыты:
      Тақырыбы:
      2. Орындаушы келесі шаруашылықтардың өндірістік жағдайларында
      "___________________________" ЖШС әзірленген және осы Келісім-шарттың
      ажыратылмайтын бөлігі болып табылатын _______________________________
      өңірлік _________________________________________ инновациялық жобаны
      енгізу және тарату бойынша қызметтерді көрсетуге міндетті:
       1) ________________________________
       2) ________________________________
       3) ________________________________
      3. Орындаушымен қызмет көрсету мерзімі – 201 __ жылдың ағымы.
      4. Төменде көрсетілген құжаттар мен онда айтылған шарттар осы Келісім-шартты құрайды және оның ажыратылмайтын бөлігі болып табылады:
      1) осы Келісім-шарт;
      2) осы Келісім-шарттың 2 тармағында баяндалған инновациялық жобаның сипаттамасы (техникалық спецификациясы);
      3) осы Келісім-шарттың қосымшасына сәйкес көрсетілген қызметті қабылдау–табыстау актісі.
      5. Тапсырыс беруші мен Орындаушы арасында қызметті қабылдау-табыстау актісіне қол қойылғаннан кейін ғана қызмет көрсетілді деп есептеледі.

2. Инновациялық жобаның біліктілік белгілері бойынша сипаттамасымен экономикалық көрсеткіштері

      6. Жұмыс бағыты.
      7. Ғылыми-техникалық деңгейі (жаңалық).
      8. Аймақтың АӨК қолданатын жері.
      9. Енгізу мен таратудың соңғы нақты нәтижесі.
      10. Енгізу мен таратудың экономикалық тиімділігі.

3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      11. Орындаушы:
      1) Қызметтерді тиісті сапада инновациялық жобаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес көрсетуге;
      2) Қызметті осы Келісім-шарттың 3 тармағында көрсетілген мерзімде толық көлемде көрсетуге;
      3) Егер Орындаушы тарапынан осы Келісім-шарттың талаптарынан ауытқу болса, Тапсырыс берушінің талабы бойынша барлық табылған кемшіліктерді ақысыз түзетуге;
      4) Орындаушы 3 тармақта көрсетілген мерзімде Тапсырыс берушіге атқарылған жұмыстар туралы толық қорытынды есепті тапсыруға міндетті.
      12. Орындаушы:
      1) Осы Келісім-шарттың 16 тармағына сәйкес атқарылған жұмыс үшін ақы талап етуге құқылы.
      13. Тапсырыс беруші:
      1) Осы Келісім-шарттың тармағымен белгіленген шарттарымен мерзімінде атқарылған жұмыстың ақысын төлеуге міндетті.
      14. Тапсырыс беруші:
      1) Орындаушымен атқарылған жұмыстың барысы мен сапасын оның қызметіне араласпай тексеруге;
      2) Тапсырыс беруші атқарылған жұмыс актісіне қол қойғанға дейін көрсетілген қызметтің бөлігіне пропорционалды бекітілген бағаның бөлігін Орындаушыға төлеп, кез-келген уақытта Келісім-шартты орындаудан бас тартуға құқылы.

4. Келісім-шарттың жалпы сомасы және төлеу шарты

      15. Келісім-шарттың көрсетілген қызметке, барлық салықтардың есебіне және басқа да бюджетке міндетті төлемдерге байланысты барлық шығындардың құнын қосқандағы жалпы сомасы _____________ (жазбаша) теңгені құрайды.
      16. Орындаушының қызметтері Тапсырыс берушімен келесі тәртіпте төленеді:
      Тапсырыс беруші осы Келісім-шарт Қазынашылық органдарында тіркелгеннен бастап 5 (бес) банктік күннің ішінде Келісім-шарт сомасының 30 пайызын алдын ала төлейді;
      Келесі төлемдерді Орындаушының шот-фактура мен атқарылған жұмысты қабылдау-табыстау актісі негізінде аванс толық өтелгеннен кейін нақты көрсетілген қызметтер бойынша ай сайын жүргізіліп отырады.
      17. Қаржыландыру көзі: Облыстық жергілікті бюджет.
      18. Орындаушы және бірлесіп орындаушы өздерінде тиісті бухгалтерлік есеп пен кезең бойынша атқарылған жұмыстың нақты құнына талдау жүргізуді қамтамасыз етуге міндеттенеді.

5. Жұмысты тапсыру және қабылдау тәртібі

      19. Орындаушы Тапсырыс берушіге Орындаушымен ресімдеуге және тапсыруға жататын ғылыми-техникалық және басқа да құжаттарды беру арқылы инновациялық жобаларды енгізу және тарату бойынша жүргізілген жұмыстар және бекітілген Қарағанды облысының агроөнеркәсіптік кешені саласындағы инновациялық жобаларға іріктеу ұйымдастыру қағидасына сәйкес инновациялық жобаны (ларды) іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау кезеңдерінде тоқсан сайын аралық есеп беруге міндеттенеді.
      20. Орындаушы Тапсырыс берушіге ______ жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей осы Келісім-шарттың орындалуын аяқтау бойынша инновациялық жобаны енгізу және тарату бағытында жүргізілген жұмыстар туралы жылдық қорытынды есеп беруге міндетті.
      21. Орындаушы ______ жылдың 15 желтоқсанынан кешіктірмей Тапсырыс берушіге атқарылған жұмыс актісін ұсынады.
      22. Жұмыс мерзімінен бұрын орындалған жағдайда Тапсырыс беруші жұмысты мерзімінен бұрын қабылдауға және төлем жүргізуге құқылы.
      23. Егер жұмысты атқару үрдісінде теріс нәтижелер болатыны анықталса немесе жұмысты одан әрі жүргізу мақсатқа сай болмаған жағдайда, Орындаушы жұмысты тоқтатып, жұмыс тоқтатылғаннан кейін Тапсырыс берушіні 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде хабардар етуі қажет.
      Осындай жағдайда тараптар жұмыстың мақсатқа сай болуы және бағыттары туралы мәселені шешуге міндетті.

6. Тараптардың жауапкершілігі

      24. Келісім-шартпен қарастырылған міндеттемелер орындалмаған жағдайда тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларымен бекітілген тәртіпте және шарттарда жауапкершілікке тартылады.
      25. Орындаушымен көрсетілетін қызметтерге тараптармен қол қойылған жазбаша өзгертулерді қоспағанда Келісім-шартқа ешқандай толықтыру мен өзгертулер енгізуге жол берілмейді.
      26. Орындаушы көрсетілген мерзімде жұмысты орындамаған жағдайда бюджет кірісіне мерзімі өткен әр жұмыс күніне келісім-шарттың жалпы сомасынан 0,03 % айып төлейді.

7. Дауларды шешу тәртібі

      27. Осы Келісім-шарт Орындаушы тарапынан Келісім-шарт талаптарын қарастырылмаған бұзушылықтар анықталған жағдайда кез-келген кезеңде бұзылуы мүмкін. Мұндай жағдайда Тапсырушы Орындаушының iс жүзiнде шеккен шығыстарын өтеген жағдайда өтелмелi қызмет көрсету шартын орындаудан бас тартуға құқылы.
      28. Тапсырыс беруші мен Орындаушы араларында Келісім-шарт бойынша немесе соған байланысты туындайтын барлық келіспеушіліктер мен дауларды тікелей келіссөз арқылы шешу үшін бар күшін салулары қажет.
      29. Егер тараптар осындай келіссөздер басталғаннан кейін 21 (жиырма бір) күнтізбелік күннің ішінде Келісім-шарт бойынша дауды шеше алмайтын болса, тараптардың кез-келгені осы мәселенің жауапкер орналасқан жері бойынша сот тәртібімен шешілуін талап ете алады.

8. Басқа шарттар

      30. Осы Келісім-шарт мемлекеттік және орыс тілдерінде үш данада жасалады. Барлық үш данасы ұқсас және бірдей күші бар.
      31. Келісім-шартқа сәйкес бір тарап екінші тарапқа жолдаған кез-келген хабарландыру хат, телеграмма, телекс немесе факс түрінде жөнелтіледі, кейін түпнұсқасы жеткізіледі.
      32. Форс-мажорлық шарттарды қоспағанда, егер Орындаушы қызметті Келісім-шартпен қарастырылған мерзімде көрсете алмаса, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі, өзінің басқадай құқықтарына зиян келтірмей, Келісім-шарт шеңберінде Келісім-шарт құнынан мерзімі өткізілген әр күнге қосымша айып түрінде 0,1 пайыз мөлшерінде соманы шегереді.
      33. Егер Келісім-шартты орындаудағы кідіріс форс-мажорлық жағдайдың нәтижесінде болса, Орындаушы айып төлеуге немесе Келісім-шарттың талаптары орындалмауына байланысты бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылмайды.
      34. Осы Келісім-шарттың мақсаты үшін "форс-мажор" Орындаушының қате есептеуіне немесе салақтығына байланысы жоқ және тосын сипаттағы оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғалар әскери іс-қимылдар, табиғи немесе зілзала апаттары, індет, карантин мен тауарларды беруге эмбарго сияқты іс-қимылдарды қамтуы мүмкін, бірақ олармен шектелмейді.
      35. Форс-мажорлық жағдай туындағанда Орындаушы тез арада тапсырыс берушіге сондай жағдайлар және оның себептері туралы жазбаша хабарлама беруі қажет. Егер Тапсырыс берушіден жазбаша нұсқамалар түспесе, Орындаушы Келісім-шарт бойынша өзінің міндеттерін орындауды мақсатқа сай болғанша жалғастырады және Келісім-шартты орындаудың форс-мажорлық жағдайларға тәуелсіз альтернативті әдістерін іздейді.

9. Тараптардың мекен-жайлары мен реквизиттері

      Тапсырыс беруші: Орындаушы:
      _______________________ _______________________
      (қолы) (қолы)
      М.О. М.О.

  Үлгі келісім-шартқа
қосымша

20 __ жылғы "___" __________ N _____ келісім-шарт бойынша
атқарылған жұмысты қабылдау-табыстау актісі

       20 __ жылғы "___" __________
       Біз, төмендегі қол қойған Тапсырыс беруші ____________________,
      ______________ негізінде әрекет ететін ___________________ тұлғасында
      бір тараптан және орындаушы ___________________________________ Жарғы
      негізінде әрекет ететін ____________________ бірінші басшы тұлғасында
      екінші тараптан осы актімен 20 __ жылғы "___" _____________ N _______
      Келісім-шартқа сәйкес Тапсырыс беруші 019 "Инновациялық тәжірибені
      тарату және енгізу жөніндегі іс-шараларды жүргізу" бюджеттік
      бағдарламасы бойынша орындаушыдан келесі қызметтерді қабылдап алғанын
      растаймыз:
       а) __________________________________________________________
       б) __________________________________________________________
       в) __________________________________________________________
       Атқарылған жұмыстың (көрсетілген қызметтің) барлық салықтар мен
      басқа да бюджетке міндетті түрде төленетін төлемдерді қосқандағы құны
      ___________________________________________________________ құрайды.
       Сандар және жазбаша түрінде құны, валютаның атауы.
       Атқарылған жұмыстар (қызметтер) сапалы және Келісім-шарттың
      шарттарын қанағаттандырады. Тараптардың бір-біріне наразылығы жоқ.
       __________________ Т.А.Ж. __________________ Т.А.Ж.
       М.О. М.О.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады