Қарағанды облысының су объектілерінде ортақ су пайдаланудың қағидалары туралы

Күшін жойған

Қарағанды облыстық мәслихатының X сессиясының 2012 жылғы 5 желтоқсандағы N 112 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 8 қаңтарда N 2095 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының XLII сессиясының 2016 жылғы 19 ақпандағы N 479 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының XLII сессиясының 19.02.2016 № 479 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 38 бабының 1) тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қарағанды облысының су объектілерінде ортақ су пайдаланудың қағидалары белгіленсін.
      2. Қарағанды облыстық мәслихатының 2005 жылғы 2 желтоқсандағы "Қарағанды облысының су объектілерінде ортақ су пайдалану Қағидалары туралы" N 232 шешімінің (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіліміне N 1807 болып тіркелген, 2005 жылғы 22 желтоқсандағы "Орталық Қазақстан" N 251-252 (19.920), 2005 жылғы 22 желтоқсандағы "Индустриальная Караганда" N 152 (20235) газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына (А.В. Борисенко) жүктелсін.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы
А. Борисенко
Облыстық мәслихат хатшысы
Б. Жұмабеков

      

  Қарағанды облыстық мәслихатының
2012 жылғы 05 желтоқсандағы
X сессиясының N 112 шешімімен
бекітілген

Қарағанды облысының су объектілерінде ортақ су пайдаланудың қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қарағанды облысының су объектілерінде ортақ су пайдаланудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексiнің 38-бабының 1) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы N 1215 "Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидалары негізінде әзiрлендi.
      2. Ортақ су пайдалануға:
      1) судың жай-күйіне әсерін тигізетін техникалық құралдарды қолданбай жер үсті көздерінен су алу кезінде;
      2) ықтимал сел қаупі бар су объектілерін қоспағанда, рекреациялық мақсаттарда, жаппай демалу, туризм және спорт мақсаттарында;
      3) кеме қатынасы және шағын кемелерді пайдалану үшін;
      4) мал суару үшін су объектілерін пайдалану жатады.
      Ортақ су пайдалану ортақ су пайдаланылатын су объектілерінде де, ортақ пайдалануға жатпайтын су объектілерінде де жүзеге асырылады және Қарағанды облысының аумағында арнайы рұқсат болуын талап етпейді.
      3. Осы Қағидалар өңірлік жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып, Қарағанды облысының су объектілерінде, оның ішінде Қарағанды облысының әкімшілік шекаралары шегіндегі Балқаш көлінде, Қарағанды облыстық мәслихаты ортақ су пайдалану қағидаларын белгілеу тәртібін анықтайды әрі меншік нысанына қарамастан, халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезiнде жер үстi және жер асты су объектiлерiнен су алудан басқа, барлық заңды және жеке тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
      4. Қарағанды облыстық мәслихаты экологиялық, техникалық және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiгі мақсатында өңірлік жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып, ортақ су пайдалану қағидаларында тиісті өңірдің аумағында орналасқан су объектілерінде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын кемелерді пайдалану және олармен жүзу және басқа да жүзетін құралдармен жүзу тыйым салынған жерлерді айқындайды.

2. Ерекше жағдайдағы ортақ су пайдалану

      5. Суда жүзетін жабайы құстар мен жүні бағалы аңдардың, балық ресурстары мен басқа да су жануарларының мекендейтін жері болып танылған су объектілерінде ұя салу және уылдырық шашатын кезеңде ортақ су пайдалану Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілермен белгіленген мерзімге шектеледі.
      6. Облыстың балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулау Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
      7. Елдің қорғанысын және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрғындардың денсаулығын, қоршаған табиғи ортаны және тарихи-мәдени мұраны, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа тұлғалардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында жеке су нысандарын немесе олардың бөліктерін пайдалану шектелуі, тоқтатылуы немесе тыйым салынуы мүмкін.
      8. Ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгілеу үшін оқшау немесе бірлесіп су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы Қарағанды облыстық мәслихатына ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгілеудің қажеттігі негізделген ұсыныс енгізеді.
      9. Ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгілеу негізсіз болған жағдайда Қарағанды облыстық мәслихаты ұсынылған ортақ су пайдалану шарттарынан немесе тыйым салудан бас тарту себептерін негіздей отырып су пайдаланушыны жазбаша хабардар етеді.
      10. Шомылуға тыйым салу және ортақ су пайдалануды жүзеге асырудың басқа шарттары туралы Қарағанды облыстық мәслихаты халықты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, арнайы ақпараттық белгілермен хабардар етеді.
      11. Бекітілмеген су объектілерінде осы Қағидаларды бұзғаны үшін айыппұл мөлшері туралы ескертулер бар тыйым салатын белгілер мен плакаттар орнатуды жергілікті атқарушы органдар қамтамасыз етеді.
      12. Су объектiлерiн мал суару үшiн ортақ су пайдалану тәртібімен қолдану ауыз сумен жабдықтау көздерін санитариялық қорғау аймақтарынан тыс жерде және су объектiлерiнiң ластануын және қоқыстануын болғызбайтын құрылғылар болған жағдайда жол беріледі. Басқа жағдайларда жергілікті атқарушы органдар суат алаңдарын жайластыру жөнінде іс-шаралар жүргізеді.
      13. Кеме қатынасы қауіпсіздігі, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау, жүктердің сақталуы мақсатында жүзеге асырылатын кемелер қозғалысын шектеу немесе оларға тыйым салу Қазақстан Республикасының "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі және "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы заңдарымен регламенттеледі.
      14. Облыстың аумағында орналасқан су объектілерінде, оның ішінде Қарағанды облысының әкімшілік шекаралары шегіндегі Балқаш көлінде, шағын өлшемді кемелерді және басқа да жүзу құралдарды пайдалану мен олармен жүзу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі N 798 "Шағын өлшемді кемелерді және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидасын бекіту туралы" және 2011 жылғы 31 мамырдағы N 609 "Шағын көлемді кемені және олар тұратын базаларды (құрылыстарды) техникалық қадағалау қағидасын бекіту туралы" қаулыларына сәйкес жүзеге асырылады, халықтың және шағын көлемді кемелердің өту қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, оқшау немесе бірлесіп су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы:
      1) адамдардың шомылу аумағынан тыс жерлерде шағын өлшемді кемелердің өтуі үшін, "ДӘЛІЗ АУМАҒЫНДА ШОМЫЛУҒА ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН!" деген ескерту және шектеу белгілері бар, ашық түсті буйлар немесе вехалармен қоршалған ені 10 метрден, ұзындығы 100 метрден кем емес дәліз жабдықтау;
      2) халықтың шомылу аймағын ашық түсті буйлар немесе вехалармен қоршау, "БУЙЛАРДАН ӘРІ ШОМЫЛУҒА ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!", "ХАЛЫҚ ШОМЫЛАТЫН АЙМАҚТА ШАҒЫН КӨЛЕМДІ КЕМЕЛЕРМЕН ЖҮЗУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!" деген ескерту және шектеу белгілерімен қоршау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.
      15. Осы Қағидаларды бұзғаны үшін жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексiнің 281-1 бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
      16. Осы Қағидамен реттелмеген құқықтық қарым-қатынастар, 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексінің қолданыстағы нормаларымен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады