Жезқазған қалалық мәслихатының 2012 жылғы 24 мамырдағы N 6/51 "Жезқазған қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2012 жылғы 17 тамыздағы N 9/75 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 7 қыркүйекте N 1929 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына сәйкес Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Жезқазған қалалық мәслихатының 2012 жылғы 24 мамырдағы N 6/51 "Жезқазған қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8-2-156 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 22 маусымдағы N 26 (7776) "Сарыарқа" газетінде және 2012 жылғы 22 маусымдағы N 25 (321) "Жезказганская правда" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген Жезқазған қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы Ережесіндегі 89 тармақтар алынып тасталсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағы                              М.Ш. Асансеитов

      Қалалық мәслихаттың хатшысы                С.Т. Медебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады