Теміртау қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 26 қаңтардағы N 4/1 "Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде 2012 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру шаралары туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 5 шілдедегі N 26/1 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 31 шілдеде N 8-3-144 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 18 шілдедегі N 29/1 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 18.07.2013 N 29/1 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 718-1-баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы N 378 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қаулысына сәйкес Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Теміртау қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 26 қаңтардағы N 4/1 "Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде 2012 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру шаралары туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-3-133 болып тіркелген, 2012 жылғы 24 ақпандағы N 8 "Новый Теміртау" газетінде жарияланған), Теміртау қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 15 наурыздағы N 11/1 "Теміртау қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 26 қаңтардағы N 4/1 "Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде 2012 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру шаралары туралы" қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" қаулысымен өзгеріс пен толықтырулар енгізілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-3-137 болып тіркелген, 2012 жылғы 27 сәуірдегі N 17 "Новый Теміртау" газетінде жарияланған), келесі өзгеріс енгізілсін:
      қаулының 2-тармағы алынып тасталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Юрий Викторович Жулинге жүктелсін.
      3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Теміртау қаласының әкімі                   Н. Сұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады